admin

admin

Аккредиттеу жөніндегі халықаралық сараптау комиссиясы Б.С. Имашева, биология ғылымдарының докторы, профессор, «Астана медицина университеті» ҚеАҚ оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі.

АЕО Сараптау комиссиясының төрағалығымен Ш.С. Садықова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультетінің ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі.

Халықаралық шара 29 қазанда басталып, шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарының арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірнеше маңызды бастамаларды қамтыды, сондай-ақ халықаралық жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықтың нәтижелерін көрсетті.

30 қазанда Coventry University Kazakhstan және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірқатар панельдік сессиялар өткізді. Олардың бірі жасанды интеллекттің білім беру модельдерін трансформациялаудағы және студенттерді оқыту тәсілдерін жетілдірудегі рөліне арналды. «Ғылымнан нарыққа: технологиялар трансферті» атты тағы бір сессия университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының басшыларына ғылыми идеяларды коммерцияландыру және оларды тәжірибеге енгізу тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу және цифрлық құзыреттерді дамытуға бағытталған AI-Sana Ceremony рәсімі өткізілді. Іс-шараға қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының, аккредитациялық агенттіктердің, сарапшылар мен жоғары білім беру саласындағы академиялық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Форумды Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырды.

Аккредиттеу орталығы үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі мәселелер, жетістіктер мен болашақ бағыттар туралы ақпаратқа ие болу білім сапасын бағалау тәсілдерін жетілдіру және ұлттық экономиканың қажеттіліктеріне бейімделген, қоғамның үміт-тілегіне сай келетін заманауи аккредитация құралдарын қолдану үшін маңызды болып табылады.

Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы (АЕО) 2025 жылғы 22–24 қазанда Бельгияның Брюссель қаласында өткен Еуропалық білім беру сапасын қамтамасыз ету қауымдастығының (ENQA) Бас ассамблеясына қатысты. Іс-шара ENQA-ның 25 жылдық мерейтойына арналды. АЕО Аккредиттеу кеңесінің мүшесі профессор Ералиева Ляззат бұл жиында 160-тан астам делегаттың қатарында болды.

Бас Ассамблеяның күн тәртібіне жаһандық контексте сапаны қамтамасыз етудің сенімді еуропалық эталондары ретінде ESG мәселелерін, сондай-ақ аймақаралық диалог пен қазіргі тәжірибенің құндылығын талқылау кірді. Қатысушылар сапаны қамтамасыз етудің Еуропалық жоғары білім беру кеңістігі (EHEA) міндеттемелерін іске асырудағы рөлін саясат пен практика тұрғысынан талқылады, сондай-ақ ESG стандарттарын қайта қарау барысы туралы жаңартылған ақпаратпен танысты.

Баяндамашылар сыртқы сапаны қамтамасыз ету үдерістеріне мүдделі тараптарды тарту тәжірибесімен бөлісіп, ENQA-ның тәжірибе алмасу, инновацияларды дамыту және ынтымақтастықты нығайту жөніндегі агенттіктер қауымдастығын қалыптастырудағы рөлін атап өтті. ENQA Президенті Douglas Blackstock төрағалығымен өткен Бас ассамблея Фламандиялық жоғары білім беру және сапаны қамтамасыз ету кеңесінің (VLUHR QA) және Бельгияның жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттігінің (AEQES) белсенді серіктестігімен ұйымдастырылып, өткізілді.

2025 жылғы 25-26 маусымда «"MEDICIN ALI" қосымша білім беру медициналық орталығы» ЖШС-нің АЕО қосымша және бейресми білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу (үздіксіз кәсіби даму) стандарттарына сәйкестігіне сыртқы сараптамалық бағалау жүргізілді.

2025 жылғы 10–12 маусым күндері халықаралық сыртқы сараптамалық комиссия Халықаралық медициналық университет «Central Asian Medical University» бакалавриат білім беру бағдарламаларына бағалау жүргізді.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu