Аккредиттеу және білім беруді сапамен қамсыздандырудың еуразиялық орталығын дамыту стратегиясы (аео):

Стратегиялық мақсаты

Институционалды, ұлттық деңгейде сапамен қамсыздандырудың ішкі және сыртқы механизмдерін жақсарту, денсаулық сақтау мамандарының бәсекеге қабілеттіліктерін және медициналық көмек көрсету сапасын жоғарылатумен, жоғары кәсіби және үздіксіз білім беруді халықаралық мойындатумен қамтамасыз ету арқылы денсаулық сақтауда кәсіби білім беруді сапамен қамсыздандырудың ұлттық жүйесін жаңалау.

Медициналық, мейірбике ісі және фармацевтикалық білім беруді сапамен қамтамасыз етуді жаңалаудың негізгі бағыттары

  1. АЕО – мамандандырылған аккредиттеу орталығының нық дамуын қамтамасыз ету және әлеуетін дамыту.
    1.1 Нормативті-құқықтық негізін құру, аккредиттеу орталығының нық дамуын және құрылуын қамтамасыз ету;
    1.2 Білім беру саласындағы уәкілетті органның тізілімінде мамандандырылған аккредиттеу орталығының тіркеуде болуын қамтамасыз ету.

  2. Білім беру ұйымының және барлық деңгейдегі білім беру бағдарламаларының сапасын ішкі және сыртқы бағалау бойынша аккредиттеу рәсімдерін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандыру.
    2.1 Институционалды және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарын енгізу;
    2.2 Институционалды және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерін әдістемелік қамтамасыз ету.

  3. Мамандықтарға және білім беру деңгейлеріне байланысты аккредиттеу үдерісіне құзыретті сарапшыларды тарту.
    3.1 Білікті ұлттық және халықаралық сарапшылар базасын құру.
    3.2 Аккредиттеу бойынша ұлттық сарапшылардың құзыреттерін дамыту және әлеуетін жоғарылату бойынша бағдарламалар енгізу;
    3.3 Шетелдік жетекші аккредиттеу агенттіктерінің аясында оқытуды қоса отырып, аккредиттеу бойынша сертификатталған сарапшыларды даярлау;
    3.4 Медициналық білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының (мамандарды дипломнан кейінгі даярлау бағдарламаларын жүзеге асыратын) және ғылыми ұйымдарының (PhD докторантура бағдарламалары) бөлімшелерін білім беруді сапамен қамсыздандыру бойынша әлеуетін жоғарылату.


  4. Білім беруді сапамен қамтамасыз ету бойынша ең үздік тәжірибелердің халықаралық қағидаттарын енгізу және шетелдік сарапшылармен тиімді серіктес болу жетістіктері.
    4.1 Медициналық білім беру ұйымдарын және олардың білім беру бағдарламаларын институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден өткізу;
    4.2 Білім беруді сапамен қамтудық халықаралық және еуропалық желілерімен және кәсіби ассоциациялармен (INQAAHE, ENQA, APQN) серіктес болуды қамтамасыз ету;
    4.3 Шетелдік аккредиттеу органдарымен халықаралық серіктестік болу және ынтымақтастықтық бағдарламаларын жүзеге асыру (Тізімдеп көрсету);
    4.4 INQAAHE GGP сыртқы бағасы.

  5. МБББФ және Сапамен қамту бойынша Еуропалық ассоциациясымен (ENQA) мамандандырылған аккредиттеу орталығын (ECAQA) халықаралық мойындату.
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)