Аккредиттеу дегеніміз не?
|
- «Аккредиттеу» сөзін латын тілінен (accred) аударғанда «сенім» деген сөзді білдіреді.
- Аккредиттеу жалпы процесс ретінде аккредиттеу мақсатын (институционалдық, мамандандырылған/бағдарламалық) ескере отырып, аккредиттеу органы әзірлейтін белгілі бір стандарттарды қолдануға негізделген
- http://www.ecaqa.org/kz/akkreditteu/institutsionaldy-akkreditteudin-standarttary
- http://www.ecaqa.org/en/accreditation/standards
- http://www.ecaqa.org/akkreditatsiya/standarty-institutsionalnoj-akkreditatsii
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындары, ғылыми орталықтар мен институттар, колледждер, қосымша және бейресми білім беру ұйымдары, жекелеген білім беру бағдарламалары аккредиттеу рәсімінен өтеді
- http://www.ecaqa.org/akkreditatsiya/protses-akkreditatsii
- http://www.ecaqa.org/en/accreditation-process-and-procedures
- http://www.ecaqa.org/kz/akkreditteu-yderisi
- Егер Білім және ғылым ұйымы немесе бағдарлама аккредиттеуден сәтті өтсе, онда олар барлық тұтынушыларға (студенттер, оқытушылар, қызметкерлер, білім алушылардың ата-аналары, жұмыс берушілердің өкілдері) осы ұйымда білім беру қызметтерінің жоғары сапасы қамтамасыз етілетініне кепілдік беретін белгілі бір кезеңге (3 немесе 5 жыл) аккредиттеу туралы куәлік алады.
|
Аккредиттеу не үшін керек?
|
- Білім беру ұйымының аккредиттелуі – бұл ақиқатты ақпарат берулерін олардың сапасы және оларды жоғарылатудың тиімді механизмдерінің бар болуы мақсатында бекітілген аккредиттеу стандарттарына (тәртіптерге) білім беру қызметтерінің сәйкестігін аккредиттеу органдарымен мойындау рәсімі.
- Білім беру ұйымының аккредиттелуі білім беруді сапамен қамтамасыз ету құралы болып табылады (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы 27.07.2007 ж. № 319-III (жыл сайынғы өзгерістер мен толықтырулармен) https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30118747.
|
Медициналық білім беру ұйымдарына аккредиттеу жүргізіледі ме?
|
- Медициналық білім беру аккредиттеуін жүргізу барысында
- ЖОО-да немесе колледжде жүзеге асыру сапасын бағалау, бөлек білім бағдарламаларына (мысалы, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1-ші курстан бастап, соның ішінде интернатура) бағалау жүргізіледі, толығымен айтқанда медициналық білім беру ұйымдарының қызметтерінің барлық бағыттарына толығымен бағалау жүргізіледі. Бұл ретте Дүниежүзілік Медициналық Білім беру Федерациясының базалық, дипломнан кейінгі білім беру сапасын және дәрігерлердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету бойынша халықаралық стандарттары (WFME, www.wfme.org) әлемнің көптеген елдерінде енгізілген.
|
Аккредиттеу үдерісі кезінде ең маңызды нәрсе не?
|
Аккредиттеу органдары:
Аккредиттеу құралдары:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша және бейресми білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуді жүргізуге арналған стандарттар.
Аккредиттеу стандарттары (тәртіптер): аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары.
Стандарттар халықаралық стандарттардың негізгі өлшемдерін қамтиды:
- Дүниежүзілік медициналық білім беру Федерациясы (WFME);
- The Standards and guidelines for quality assurance in the European Higher Education Area (ESG, www.enqa.eu);
- Еуропалық аймақтың биомедицинадағы және өмір туралы ғылымдардағы PhD білім беру ұйымдары (ORPHEUS, www.orpheus-med.org).
Осы стандарттардың негізінде білім беру ұйымы аккредиттеу түріне - жалпы (институционалдық) өз қызметіне немесе білім беру бағдарламасына (мамандандырылған) байланысты өзін-өзі бағалауды жүргізеді.
Әр Стандарт 20-25 беттен тұратын толық құжат ретінде ұйымның да, білім беру бағдарламасының да негізгі бағыттарын көрсететін тағы 9-10 стандартты қамтиды.
Сонымен, медициналық білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу СТАНДАРТТАРЫ 9 стандартты қамтиды, оның ішінде, мысалы, 1 «Миссия және оқытудың түпкілікті нәтижелері» стандарты, 4 «Студенттер» стандарты және 6 «Білім беру ресурстары» стандарты және басқалары.
Азаматтық жоғары оқу орындары мен колледждерді институционалдық аккредиттеу стандарттарына 10 негізгі стандарт кіреді
|
Аккредиттеу немен құжатталады, үдеріс ретінде?
|
|
ЖОО-ың және білім беру бағдарламаларының аккредттеуден өтуі не үшін студенттерге маңызды?
|
- ТМД және ЕурЭкҚ елдерінің өзара келісімді орындауы, жоғары және орта кәсіби ұйымдардың дипломдарды өзара мойындауы тек аккредиттелген ЖОО мен колледждердің түлектеріне жүргізіледі.
- Қазақстан азаматтарының білімін шетелде және халықаралық еңбек нарығында қорғау – халықаралық талаптарға сай ЖОО өз елінде аккредиттеуден өтуі керек, кері жағдайда оның дипломы тіпті мемлекеттік үлгіде болсада шетелде мойындалмайды (www.akorda.kz/ru/official_documents, https://e.edu.kz/68)
- Қазақстан Республикасының жоғары және дипломнан кейінгі білім беру жүйесінің халықаралық білім кеңістігімен бірлесуі және Болон процесінің негізгі параметрлерін жүзеге асыру (2010 жылдың наурыз айында Қазақстан Болон декаларациясына арнайы орналасты және Еуропалық білім кеңістігіне http://www.naric.kz толық құқылы болып мойындалған, жоғары білім берудің Еуропалық аймағының 47-ші және бірінші ортаазиялық мемлекеттік мүшесі болды.
- Білім беру сапасы бойынша ақпараттармен алмасуға және салыстырмалы көрсеткіштер мен рәсімдерді (www.enqa.eu, www.inqaahe.org, www.apqn.org және т.б.) өңдеуге халықаралық желілермен ынтымақтастықта болу.
|
Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарында шетелдік студенттер санының көп болуы шындық. Олардың көпшілігі Отанына оралады және осы елдердің мемлекеттері жас мамандардың, дәрігерлердің қажетті құзыреттер мен біліктіліктерге ие болуына мүдделі.
Мысалы, шетелдік медициналық мектептердің түлектеріне арналған білім беру комиссиясы келесідей мәлімдеме жасады:
«Халықаралық түлектерге арналған білім беру комиссиясы (the Educational Commission for Foreign Medical Graduates/ECFMG, https://www.ecfmg.org/accreditation/) 2024 жылы осы комиссияға өтініш берген үміткерлерге олардың аккредиттелген медициналық мектепте оқуын аяқтау талабы қойылатынын айқындады. Осы талаптарға сай болу үшін түлек аяқтаған медициналық мектеп АҚШ медициналық мектептері үшін медициналық білім беру жөніндегі комитет (the Liaison Committee on Medical Education/LCME) белгілеген критерийлерді қолданатын немесе Медициналық білім берудің Дүниежүзілік Федерациясы (the World Federation for Medical Education/WFME) сияқты халықаралық деңгейде қабылданған және мақұлданған басқа критерийлерді қолданатын аккредиттеу рәсімі арқылы аккредиттелуі керек».
|
Аккредиттеуге студенттер қатыса алады ма?
|
Студенттер білім беру ұйымы мен білім беру бағдарламасының өзін-өзі бағалау рәсіміне, сондай-ақ сыртқы сараптамалық бағалауға белсенді қатысады.
Толығырақ келесі сілтеме бойынша:
- http://www.ecaqa.org/kz/studentter/studentterdin-akkreditteuge-katysuy
- http://www.ecaqa.org/studenty/uchastie-studentov-v-akkreditatsii
- http://www.ecaqa.org/en/students/students-involvement
- Мысалы, (азаматтық жоғары оқу орындары мен колледждер үшін) студенттерді қабылдау және іріктеу саясаты, студенттерді қабылдау, білім алушыларды консультациялық және әлеуметтік қолдау және әртүрлі басқару органдары мен консультативтік-кеңесші бірлестіктерде студенттердің өкілдігі бойынша өлшемшарттар 4 «студенттер» стандартында (медициналық жоғары оқу орындары мен колледждер үшін) немесе 3 «студентке орталықтанған оқыту және студенттерді бағалау» стандартында қамтылады.
- Өзін-өзі бағалау бойынша есепке қажетті ақпаратты объективті және егжей-тегжейлі ұсынуға көмектесетін студенттерді білім беру органының (ЖОО, колледж) өкілдері осы стандартты сипаттауға жиі тартады.
- ЖОО-ның өзін-өзі бағалауы бойынша есепті дайындау кезінде тиісті деректерді жинау, зерделеу және талдау және стандарттарды жақсарту бойынша іс-шараларды шешу мен анықтауды талап ететін проблемаларды анықтау үшін студенттік өзін-өзі басқару өкілдерін тартады.
- Өзін-өзі бағалау кезеңінде білім беру ұйымының басшысы мен өзін-өзі бағалау бойынша өкілі, әдетте, студенттік өзін-өзі басқарумен кездеседі. Студенттік өзін-өзі басқарумен кездесуде институционалдық немесе мамандандырылған өзін-өзі бағалау үдерісіне студенттердің рөлі мен қатысуы анықталып, талқылануы керек. Әдетте студенттердің тәуелсіз талдауын жүргізуге жауапты студенттер тобы құрылады. Өзін-өзі бағалау кезеңінің қорытындысы білім беру ұйымының есебі болып табылады, ол аккредиттеу органына рецензиялау үшін ұсынылады.
- Сыртқы сараптау комиссиясының ЖОО-ға (колледжге) келу бағдарламасында http://www.ecaqa.org/vneshnyaya-ekspertnaya-komissiya, http://www.ecaqa.org/en/the-external-expert-commission, http://www.ecaqa.org/kz/syrtky-sarapshylyk-komissiya
- сарапшылардың студенттермен (магистранттармен, PhD докторанттармен, тыңдаушылармен) кездесуі және білім беру ұйымының күшті жақтарын анықтауға және бар мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретін сауалнама жүргізу міндетті түрде қосылған. Аккредиттеу органы сауалнамасының сұрақтарына объективті жауап бере отырып, сіз өзіңіздің AlmaMater-ге білім беру бағдарламаларын жақсарту бойынша елеулі көмек көрсете аласыз.
- Басқа білім беру ұйымдарының білім алушылары аккредиттеу органының сыртқы сараптау комиссиясының жұмысына дауыс беру құқығымен сарапшылар ретінде қатысады.
- Сарапшы-студенттер, әдетте, аккредиттелетін білім беру ұйымының студенттерімен сұхбатқа, білім алушыларды қажетті ресурстармен (әдебиет, ұйымдастыру техникасы, интернет, оқытушылар, аудитория және т.б.) қамтамасыз ету мәселелеріне, емделушілерге клиникаларда қолжетімділікке, зерттеулерге қатысуға, конференциялар мен жарияланымдарға қатысуға, оқытушылармен араласуға, студенттерді әлеуметтік қолдау және консультация беру мәселелеріне көп көңіл бөледі. Осы бағалау арқылы алынған ақпарат осы мақсаттар мен қызметтерді қайта қарау және оларға қол жеткізуді жақсарту үшін қолданылады.
|
Аккредиттеу үдерісі неден тұрады және аккредиттеудің қай кезеңдерінде студенттер қатысады?
|
Аккредиттеу кезеңдері (төменде көрсетілген кестені қара)
<>Аккредиттеу бойынша органға түскен арнайы мәлімдемені көрсету; >
<>Білім және ғылым ұйымдарын аккредиттеуге жіберу рұқсаты;>
<>Білім және ғылым ұйымдарының өзін-өзі бағалауы; >
<>Сыртқы сараптама комиссиясының Білім және ғылым ұйымына сапары; >
<>Аккредиттеу бойынша шешім;>
<>Аккредиттеуден кейінгі бақылау http://www.ecaqa.org/kz/akkreditteu/akkredittewden-keyingi-baq-law, >
<>http://www.ecaqa.org/postakkreditatsionnyy-monitoring, http://www.ecaqa.org/en/post-accreditation-monitoring;>
Аккредиттеу туралы сертификаттың қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша қайта аккредиттеу. http://www.ecaqa.org/akkreditatsiya/protses-akkreditatsii
http://www.ecaqa.org/en/accreditation-process-and-procedures
http://www.ecaqa.org/kz/akkreditteu-yderisi
|