«Білім беруді және денсаулық сақтауды сапамен қамтамасыз ету және аккредиттеудің еуразиялық орталығы» Коммерциялық емес мекемесінің


Жалпы ережелері

«Білім беруді және денсаулық сақтауды сапамен қамтамасыз ету және аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы» Коммерциялық емес мекемесі (ары қарай - АЕО) Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан Республикасының 27.12.1994 ж. Азаматтық Кодексінің, 2001 жылдың 16 қаңтарында шыққан Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар» атты заңының негізінде жұмыс атқарады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативті құқықтық актілерін, заңдарды және берілген Жарғыны, АЕО ішкі нормативті құжаттарын басшылыққа алады.

АЕО институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуді өткізу, жобаларды жүзеге асыру және денсаулық сақтау мен білім беру саласында зерттеулер жүргізу арқылы Қазақстан Республикасындағы халықаралық деңгейдегі жоғары кәсіби білім беруде бәсекеге қабілетті және ұйымдастырушылық-құқықтық түрінде құрылған, заңды тұлға мәртебесін иеленген ұйым болып табылады.

АЕО тәуелсіз мәртебесіне ие және өзінің жұмысына автономды жауапкершілікті алады және ешбір үшінші жақ (білім беру ұйымдары, министрліктер және т.б. қызығушылық танытқан жақтар) оның сыртқы бағалау бойынша сараптық комиссиясының есебінде мазмұндалған нұсқаулықтарына, қорытындыларына және оның білім беру ұйымдарын, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу бойынша шешіміне ықпал ете алмайды.


АЕО қызметтерінің мәні мен мақсаттары

АЕО қызметінің мақсаты білім беру ұйымдарды, ғылыми ұйымдарды және орталықтарды институционалды және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерін ұйымдастарушылық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-ресурстық қамтамасыз ету және медициналық, стоматологиялық, фармацевтикалық, мейірбике ісі және қоғамдық денсаулық сақтаудың барлық деңгейлері үшін институционалдық және мамандандырылған аккредиттеудің халықаралық стандарттарын енгізу болып табылады.


АЕО құрылымы, басқару органдарының құзыреттері және қалыптастыру тәртібі

АЕО-да кеңесшілік-мәжілістік органдар қызмет атқарады: Аккредиттеу кеңесі, Сарапшылық кеңес, Тексеру комиссиясы.

АЕО Аккредиттеу кеңесі жоғары кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын, жоғары білім беру ұйымдарын, дипломнан кейінгі білім беру және үздіксіз кәсіби білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыратын денсаулық сақтау және ғылыми ұйымдарды, техникалық және кәсіби білім берудің оқу бағдарламаларын, халықаралық мектептерді институционалды немесе мамандандырылған аккредиттеу туралы шешімді қабылдау үшін материалдарды дауысты және ұжымды қарастыратын мәжілістік орган болып табылады.


АЕО Аккредиттеу кеңесінің құзыреттілігіне мыналар жатады:

  • Білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау және ғылыми ұйымдардың жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларының сапасын АЕО-ның істегі институционалды немесе мамандандырылған аккредиттеу стандарттарының негізінде бағалау;
  • Аккредиттелген денсаулық сақтау және ғылыми ұйымдардың, білім беру ұйымдарының қызметтері немесе білім беру бағдарламалары бойынша сапа кепілдігімен қоғамды қамтамасыз ету;
  • Білім беру ұйымдарын, денсаулық сақтау және ғылыми ұйымдарды немесе олардың ұсынған білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізуге немесе бас тарту туралы шешім қабылдауға;
  • Білім беру ұйымдарын, денсаулық сақтау және ғылыми ұйымдарды немесе олардың ұсынған білім беру бағдарламаларын аккредиттеу, шартпен аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауға;
  • Білім беру, денсаулық сақтау, ғылыми ұйымдардың немесе олардың білім беру бағдарламаларын институционалды немесе мамандандырылған аккредиттеу қорытындылары бойынша материалдарды қоғамды хабардар ету үшін қарастыруға;
  • Аккредиттеу сұрақтары бойынша білім беру, денсаулық сақтау, ғылыми ұйымдардың өтініштерін, үндеулерін және шағымдарын қарастыруға;

АЕО ағымдағы қызметін, Қатысушылардың (қатысушы) құзыреттіліктеріне қатысты сұрақтардан басқа, берілген Жарғыға және АЕО ішкі құжаттарына сәйкес Бас директор атқарады. Бас директор жалпы мәжілісте 5 жыл мерзіміне сайланып босатылады және Қатысушылардың/қатысушының құзыретінен басқа барлық сұрақтарға құзыретті.

Бас директор АЕО еңбек қатынасына байланысты барлық сұрақтарды шешуге, қызметкерлердің еңбек ақысын, түрін және жүйесін бекітуге құқылы. Жұмыс кестесі қолданыстағы еңбек заңының талаптарына сәйкес Бас директордың Жарлығының негізінде бекітіледі.

АЕО ұжымы АЕО Бас директорының әрбір қызметкерлермен келісім-шартқа қол қою арқылы қалыптасады және келісім-шартта өзара міндеттері, еңбек шарттары және ақысы көрсетіледі.



Есебі және есеп берушілігі

АЕО Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзінің есебіне, дұрыстығына және жүргізу тәртібін сақтауға жауапкершілікті өзіне артады.


АЕО қызметін қайта құру және қызметін тоқтату

АЕО қызметін тоқтату қайта құру немесе тоқтату жолымен іске асады: қатысушылар/қатысушы шешімі бойнша; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа жағдайларды.


Жарғыға өзгерістер мен қосымшалар енгізу тәртібі

АЕО құрушылық құжаттарына өзгерістер мен қосышаларды енгізу құрушылардың Жалпы мәжілісінде жүзеге асады.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)