2019 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығымен және Ресей Федерациясы, Йошкар-Ола қ. Кәсіптік-қоғамдық аккредиттеудің ұлттық орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды (https://ncpa.ru/).

Кәсіби-қоғамдық аккредиттеудің ұлттық орталығы 2009 жылы құрылған және кәсіби білім беру саласындағы сарапшылардың Гильдиесі және білім беру саласындағы ұйымдарды аккредиттеуді ұйымдастыру және жүргізу мақсатында басқа да заңды тұлғалар құрған автономды коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Кәсіби-қоғамдық аккредиттеудің ұлттық орталығының міндеті-білім беру сапасын арттыру, білім беру ұйымдарында сапа мәдениетін қалыптастыру және Ресей заңнамасын және ресейлік жоғары мектептің үздік дәстүрлерін ескере отырып, еуропалық технологиялар бойынша білім беру сапасына кепілдік берудің еуропалық стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын кәсіби–қоғамдық аккредиттеуді жүргізу арқылы Ресей мен шетелде ресейлік білім беру имиджін арттыру.



Жоғары білім беруді аккредиттеу бойынша кеңес/АҚШ-тың сапалар халықаралық тобы (The Council for Higher Education Accreditation International Quality Group (CHEA/CIQG, USA) әлемнің 175 елінен аккредиттеу бойынша 500-ден астам агенттіктердің ауқымды базасын қамтитын өзінің Халықаралық Директориясын (CHEA/CIQG International Directory) құрды.

«Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы» КЕМ (АЕО) медициналық білім берудің мамандандырылған аккредиттеу органы ретінде АҚШ-тың сапалар халықаралық тобына/Жоғары білім беруді аккредиттеу бойынша кеңестің Халықаралық Директориясына (CHEA/CIQG International Directory) кірді.

The information is available on the CHEA/CIQG web-site:

https://www.chea.org/international-directory/eurasian-sentre-accreditation-and-quality-assurance-higher-education-and


Армения Республикасының (ANQA) Ұлттық Кәсіптік Білім Беру Орталығының Сапасын Қамтамасыз Ету Қорымен Ынтымақтастық Туралы Меморандумға қол қойылды.

2019 жылдың наурыз айында Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы мен Армения Республикасының Ұлттық кәсіптік білім беру орталығының сапасын қамтамасыз ету Қоры арасында ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды (http://www.anqa.am/en). 2008 жылы Армения Республикасының Үкіметі ANQA тәуелсіз ұйым ретінде құрған. ANQA бастауыш, кәсіби және жоғары оқу орындарында институционалдық және бағдарламалық аккредиттеуді жүргізеді.






2018 жылдың 31 мамырында Алматы қаласында Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы (АЕО), Қазақстан Республикасы және JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия арасында Өзара түсінушілік туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандумға қол қоюдың мақсаты Қазақстан Республикасындағы мейірбикелік білім беруді сапамен қамтамасыз етудің жолдарын жетілдіру болып табылады. JAMK қолданбалы ғылымдар университеті (http://www.jamk.fi) төрт оқу бөлімдерін қамтиды: Бизнес мектебі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік ғылымдар мектебі, Технология мектебі және Педагогикалық мектеп. 2013 жылы JAMK Еуропадағы ең халықаралық университеттердің бірі ретінде Erasmus жетістіктері үшін Марапатталған. 2013 жылы Жоғары білім беру бойынша Финляндия кеңесі (FINEEC) JAMK сапа белгісін 2019 жылға дейін ұзартты.

JAMK қолданбалы ғылымдар университеті 2016 жылдан бастап «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың бағдарламаларын енгізу мен мейірбикелік білім беру жүйесін жаңғырту бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен серіктес болып табылады. http://www.mz.gov.kz/ru/pages/informaciya-ob-otkrytii-2-diplomnoy-magistratury

Аккредиттеу және бағалау бойынша Ұлттық кеңестің /NAAC (Үндістан)

2018 жылдың 24 наурызында Нагпур қаласында (Үндістан) Жоғары білім беруді сапамен қамтамасыз етудің Азиялық-Тынықмұхиттық желісінің (APQN) жылсайынғы «Capacity Building for Next-Generation Quality Assurance in Higher Education/Жоғары білім беруді сапамен қамтамасыз ету бойынша ұйымдардың жаңа ұрпағын жетілдіру мүмкіндіктері» атты конференциясы өту барысында Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы Аккредиттеу және бағалау бойынша Ұлттық кеңестің (Үндістан) арасындағы өзара түсінісу туралы Меморандумына қол қойды. ББДССҚжАЕО жақтан бас директор С.С.Сарсенбаева, NAAC жағынан Аккредиттеу және бағалау бойынша Ұлттық кеңестің кеңесшісі Jagannath Patil қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың мақсаты қазіргі таңда 1000-нан астан студент-медиктер білім алатын Қазақстан Республикасы мен Үндістандағы жоғары білім беруді сапамен қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру болып табылады.

Аккредиттеу және бағалау бойынша Ұлттық кеңесі (NAAC) Үндістан гранттары (UGC) бойынша елдегі жоғары оқу орындарын аккредиттеу және бағалауды өткізу үшін Университеттердің Комиссиясымен мекемелендірілген автономды орган болып табылады. http://www.naac.gov.in/collaborations.asp

Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы (ЕАО) Жоғары бiлiм берудi аккредиттеу бойынша Кеңесiнiң (Council for Higher Education Accreditation International Quality Group/CIQG) толық құқылы мүшесі болды.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)