Халықаралық жобалар
-
Опубликовано: 30 Ноябрь 2020
Халықаралық жоба: Жоғары оқу орындарындағы академиялық адалдықты қамтамасыз етудегі және академиялық тәртіп бұзушылықпен күресудегі сапамен қамсыздандыру агенттіктерінің рөлі
Жоғары білім беруді сапамен қамсыздандыру бойынша Еуропалық Ассоциациясы (ENQA) өзінің мүшелері мен еншілес агенттіктер арасында “академиялық адалдық” жұмыс тобына мүшелер қабылдау туралы жариялады. Жұмыс тобының мүшелері сапамен қамсыздандыру агенттіктерінің академиялық адалдық мәдениетін насихаттаудағы тәжірибесі негізінде таңдалды. Нәтижесінде білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы (АЕО) мен 9 Еуропалық сапамен қамсыздандыру агенттігі берілген жобаға қатысу мүмкіндігіне иеленді. Ұлыбритания, Словакия, Болгария, Эстония, Румыния, Ирландия, Словения және Бельгия елдерінің қатысушыларымен қатар, Қазақстан жоғары оқу орындарындағы академиялық тәртіп бұзушылыққа қарсы тәжірибесімен бөлісіп, академиялық адалдық пен дұрыс оқу тәртібі принциптерін насихаттау арқылы осы жобаға өз үлесін қосуда.
ENQA жұмыс тобының міндеті:
- академиялық адалдықты алға бастыруда сапамен қамсыздандыру агенттіктерінің тәжірибесін зерттеу;
- берілген мәселені шешуде сыртқы бағалаудың үлесін анықтау;
- жоғары оқу орындарындағы академиялық тәртіп бұзушылықтың алдын алу үшін сапамен қамсыздандыру агенттіктеріне нұсқаулық әзірлеу;
Академиялық адалдық - бұл жоғары оқу орындарын сапамен қамсыздандырудың маңызды критерийі, өйткені студенттер мен оқытушылар арасында ашық және сенімді мәдениетті қалыптастырып, академиялық тәртіп бұзушылықты болдырмауға ықпал етеді. Сондықтан жұмыс тобының қызметі ұлттық және халықаралық деңгейде жоғары білім беру сапасын жақсартуда маңызы зор.
https://www.enqa.eu/about-enqa/
Accelerating Master and PhD level nursing education development in the higher education system in Kazakhstan/AccelEd
Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы AccelEd жобасының қатысушысы болып табылады.
AccelEd жобасының мақсаты: денсаулық сақтау және білім министрліктері, жетекші медициналық университеттер, денсаулық сақтау ұйымдары, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қауымдастықтар, халықаралық мейіргерлік қауымдастықтардың қатысуымен саясатты, заңнамалық базаны және институционалдық құрылымдарды өзгерту арқылы магистратурада мейіргер білім беру бағдарламасын нығайту және Қазақстан Республикасында мейіргерлік білім беру бойынша PhD докторларын даярлау жүйесін енгізу.
Білім беруді, денсаулық сақтауды сапасын қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық орталығы жобаның міндеттерін орындауға қатысады Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы SHIP-2.3 / CS-18
«Мейірбике ісі мамандарының кәсіби ортасын дамыту және медбикелерді қайта даярлау жүйесін жетілдіру бойынша кеңес беру қызметтері»
http://shiproject.kz/kz/purchases/zapros-na-vyrazhenie-zainteresovannosti-ship-2-3-cs-26/
МЕЙІРБИКЕ ІСІ МАМАНДАРЫНЫҢ КӘСІБИ ОРТАСЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ МЕЙІРБИКЕЛЕРДІ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША КЕҢЕС БЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ
- D-1.2. Даму бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге медициналық колледждерге, жоғары медициналық колледждер мен университеттерге әдіснамалық көмек көрсету;
- WP-3. Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының және тәжірибелі медбикелердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу.