Бос орындар
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР СӨЗДІГІ*
|
Термин |
Анықтама |
|
Әкімшілік штат |
құрылымдық бөлімшелерге басшылық ету және оларды басқару саласындағы, саясатты қалыптастыруға, сондай-ақ саясат пен жоспарларды іске асыруға әкімшілік қолдау көрсетуге жауапты қызметкерлер; әкімшіліктің ұйымдық құрылымына байланысты болады, әкімшілік басшысы мен қызметкерлерін, факультет декандарын, қаржылық басқарма басшыларын, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерия бөлімдерінің қызметкерлерін, қабылдау комиссиясының қызметкерлерін және оқу процесін жоспарлау, кадр ресурстары мен ақпараттық технологиялар бөлімдерінің басшыларын қамтиды |
|
Академиялық көшбасшылық |
құрылымдық бөлімшелерге басшылық ету және оларды басқару саласындағы, оқыту мен оқу, ғылыми зерттеулер жүргізу және денсаулық сақтау жүйесінде қызмет көрсету бойынша академиялық мәселелер жөнінде шешім қабылдауға жауапты қызметкерлер. Олардың қатарына ректор, проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының басшылары, сондай-ақ тұрақты комиссиялардың төрағалары кіреді: білім алушыларды іріктеу, білім беру бағдарламаларын жоспарлау және білім алушыларға консультация беру бойынша |
|
Академиялық еркіндік |
қызметкерлер мен білім алушылар үшін пікір білдіру, академиялық сұрау салу, зерттеулер жүргізу және жарияланымдар жасау еркіндігі |
|
Аккредиттеу органдары |
стандарттарды (ережелерді) әзірлейтін және өздері әзірлеген стандарттар (ережелер) негізінде білім беру ұйымдарын аккредиттеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар |
|
Білім беру ұйымдарын аккредиттеу |
білім беру қызметтерінің белгіленген аккредиттеу стандарттарына (ережелеріне) сәйкестігін аккредиттеу органының тану рәсімі; оның сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екендігін растау мақсатында жүзеге асырылады |
|
Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу |
аккредиттеу органының білім беру бағдарламаларының (мамандықтардың) сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны жақсартудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында олардың белгіленген аккредиттеу стандарттарына (ережелеріне) сәйкестігін тану рәсімі |
|
Болон процесі |
Болон процесінің басты мақсаты (http://www.ond.vlaanderen.be/hogeronderwijs/bologna/about/) - халықаралық ынтымақтастық пен академиялық алмасуға негізделген, еуропалық студенттер мен қызметкерлерді, сондай-ақ басқа елдердің студенттері мен қызметкерлерін тартатын Еуропалық жоғары білім беру кеңістігін (EHEA) құру. Еуропалық жоғары білім беру кеңістігі:
Болон процесі 1999 жылғы 19 маусымда Италияның Болонья қаласында 29 еуропалық елдің жоғары білім министрлері қол қойған Болон декларациясының құрметіне аталған (www.ond.vlaanderen.be/hogeronderwijs). |
|
Докторантура |
ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, оқу мерзімі кемінде 3 жыл болатын жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламасы. «Болон процесі» қағидаттарына сәйкес, докторантура бағдарламалары бакалавриат пен магистратура циклдерінен кейінгі жоғары білімнің «үшінші циклін» құрайды. Үшінші циклдің негізгі құрамдас бөлігі – түпнұсқа зерттеулер арқылы оқыту |
|
Философия докторы (PhD) |
тиісті мамандық бойынша докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін жоғары академиялық дәреже |
|
Докторлық диссертация |
теориялық тұжырымдамалары жиынтығында жаңа ғылыми жетістік ретінде бағалауға болатын немесе елдің экономикасына маңызды әлеуметтік-мәдени не экономикалық мәні бар ғылыми мәселе шешілген, не енгізілуі ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер баяндалған дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмыс |
|
Талапкерлердің артықшылықтары |
ресми біліктілігі, кәсіби тәжірибесі, ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері, оқытушылық тәжірибесі және әріптестері тарапынан танылуы негізінде бағаланады |
|
Басқа да мүдделі тараптар |
басқа медициналық мамандықтардың өкілдерін, пациенттер мен олардың ұйымдарын, қоғам өкілдерін, академиялық және әкімшілік қызметкерлерді, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарды, кәсіби ұйымдарды, медициналық ғылыми ұйымдарды, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге жауапты тұлғаларды қамтиды |
|
Институционалдық автономия |
білім беру бағдарламасын әзірлеу, білімді бағалау, студенттерді қабылдау, қызметкерлерді таңдау және қабылдау, еңбек жағдайлары, ғылыми зерттеулер және ресурстарды бөлу сияқты негізгі салаларда шешім қабылдай алу үшін үкіметтен және басқа ұйымдардан (өңірлік және жергілікті билік органдары, діни қауымдастықтар, бірлескен қызметтегі жекеменшік ұйымдар, кәсіби, кәсіподақтық және басқа мүдделер тобы) тиісті дербестік |
|
Институционалдық аккредиттеу |
мәлімделген мәртебесіне және белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес білім беру ұйымында сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі процестерінің тиімділігін аккредиттеу органының бағалау рәсімі |
|
Ақпараттық қолдау |
ішкі тәртіп қағидалары, барлық қызметтердің жұмыс режимі, телефон анықтамалығы, әкімшілер мен оқытушы-профессорлар құрамының деректері, оқу ақысын төлеу тәртібі, білім беру курстары туралы ақпарат, оқытушылардың электрондық мекенжайлары, оқыту нәтижелерін бағалаудың айқын белгіленген өлшемшарттары, сондай-ақ оқу процесіндегі негізгі саясат туралы ақпарат, қолжетімді ақпараттық материалдар: жұмыс бағдарламалары, студенттер үшін силлабустар, элективті пәндер каталогын қоса алғанда, білім беру бағдарламалары бойынша анықтамалықтардың болуы |
|
PhD біліктілігі |
Еуропалық біліктілік шеңберінің 8-деңгейіне сәйкес келеді |
|
Клиникалық дағдылар |
анамнез жинауды, физикалық тексеруді, коммуникативтік дағдыларды, рәсімдер мен зерттеулерді, шұғыл медициналық көмек көрсетуді, дәрі-дәрмек тағайындау мен жазып беруді және емдеуді қамтиды |
|
Коммуникативтік дағдылар |
Термин ақпарат алмасу қабілетін білдіреді. Бұл дағдылар тәжірибелік дәрігерлер үшін негізгі болып табылады. Дәрігерлер коммуникативтік дағдыларды тәжірибе арқылы автоматты түрде үйренеді немесе олар жақсы не нашар коммуникативтік дағдыларды табиғи иеленеді деген пікірден соңғы кезде бас тарту үрдісі күшейіп келеді. Қазіргі уақытта мұндай дағдыларға студенттер мен дәрігерлерді дәрігерлер мен коммуникативтік дағдылар жөніндегі мамандарды қоса алғанда, әртүрлі мамандар оқыта алады және бұл процесс жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және үздіксіз медициналық білім берудің маңызды бөлігі болып табылады деген пікір кең таралған |
|
Құзыреттілік |
Білім беру процесінде тұлғааралық және техникалық құрамдас бөліктерді қоса алғанда, тиісті білімнің жеткілікті деңгейіне ие болу және тиісті дағдыларды меңгеру. Мұндай білім мен дағдылар кәсіби тәжірибе көлемін көрсететін тапсырмаларды орындау үшін қажет. Құзыреттілік нақты өмірлік жағдайда жасалған әрекеттерді білдіретін «жұмысқа қабілеттіліктен» өзгеше болуы мүмкін |
|
Оқытудың түпкілікті нәтижелері немесе құзыреттер |
студенттер оқу кезеңінің соңында көрсетуге тиіс білім, дағды және қарым-қатынасты қамтиды |
|
Медицина және медициналық тәжірибедегі түпкілікті нәтижелер |
медициналық білім беру ұйымы белгілеуге тиіс және мынадай құжатпен расталған білім мен түсінікті қамтуы тиіс: (а) базистік биомедициналық ғылымдар, (б) денсаулық сақтау мен әлеуметтік медицинаны қоса алғандағы мінез-құлықтық және әлеуметтік ғылымдар, (в) медициналық практикаға қатысты медициналық этика, адам құқықтары және медициналық юриспруденция, (г) диагностикалық рәсімдерге, практикалық рәсімдерге, коммуникативтік дағдыларға, аурулардың алдын алу мен емдеуге, денсаулықты нығайтуға, оңалтуға, клиникалық пайымдау мен проблемаларды шешуге қатысты клиникалық дағдыларды қоса алғандағы клиникалық ғылымдар және (д) дәрігердің әртүрлі рөлдеріне, сондай-ақ медицина мамандығына қатысты өмір бойы оқу қабілеті мен кәсібилікті көрсету. Оқу аяқталғаннан кейін студенттерге қажетті сипаттамалар мен жетістіктер мысалы, дәрігер ретінде: (а) тәжірибелік дәрігер, (б) тиімді коммуникативтік дағдылары бар дәрігер, (в) оқытушы, (г) менеджер, (д) кәсіби маман және (е) зерттеуші болып жіктелуі мүмкін |
|
Қабылдау өлшемшарттары |
бұрын жүргізілген зерттеу бағдарламалары мен жарияланған жұмыстар шеңберінде ғылыми құзыреттілікті, алдыңғы зерттеулердің нәтижелерін және медицина қызметкерлері үшін клиникалық тәжірибені құжаттамалық растауды қамтуы мүмкін |
|
Медицинаның кез келген саласы |
медициналық тәжірибенің, әкімшілік медицинаның және медициналық зерттеулердің барлық түрлеріне қатысты |
|
Магистратура |
тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін бере отырып, ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқарушылық кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы |
|
Магистрант |
магистратурада оқитын тұлға |
|
Магистрлік диссертация |
магистранттың тиісті ғылым саласының нақты мамандығының өзекті мәселелерінің бірі бойынша дербес ғылыми зерттеу нәтижелерін жинақтайтын бітіру жұмысы |
|
Магистр |
магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны жария қорғаған тұлғаларға берілетін академиялық дәреже |
|
Материалдық-техникалық база |
дәрісханаларды, оқу бөлмелерін, оқу және ғылыми зертханаларды, клиникалық дағдылар зертханаларын, оқытушылар бөлмелерін, кітапханаларды, ақпараттық технологиялар мен құралдарды, студенттердің демалуы үшін жеткілікті оқу үй-жайлары, демалу залы, қоғамдық көлік құралдары, студенттер үшін қоғамдық тамақтану, жатақхана, студенттердің жеке заттарын сақтауға арналған шкафтар, спорт құралдары, бос уақытты өткізуге арналған үй-жайлар сияқты жағдайларды қамтиды |
|
Медициналық этика |
медициналық практикадағы мораль мәселелері, атап айтқанда дәрігердің мінез-құлқы мен шешім қабылдауына байланысты құндылықтар, құқықтар мен міндеттер. |
|
Медициналық юриспруденция |
денсаулық сақтау жүйесінің және медициналық көмек көрсетудің, мамандықтың және медициналық тәжірибенің заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілері, оған дәрі-дәрмектер мен медициналық технологияларды (аспаптар, құралдар және т.б.) өндіру мен пайдалану қағидалары да кіреді |
|
Халықаралық аккредиттеу |
Реестрге енгізілген ұлттық немесе шетелдік аккредиттеу органы жүргізетін, білім беру ұйымдары қызметінің (институционалдық аккредиттеу) және жекелеген білім беру бағдарламаларының (мамандандырылған аккредиттеу) сапасын білім беру сапасын қамтамасыз ету стандарттарына сәйкестігіне бағалау процесі |
|
Жарияланымдар үшін халықаралық танылған журнал |
Бұл PubMed, Science Citation Index немесе биомедициналық және медициналық әдебиеттің ұқсас дерекқорларына енгізілген, тиісті ғылыми және медициналық саладағы жоғары сапалы журналдар |
|
Халықаралық этикалық стандарттар |
Хельсинки декларациясы II (клиникалық зерттеулер), Еуропалық Одақтың 2010/63/EU директивасы (жануарларға жасалатын зерттеулер) және Овьедо конвенциясы (биоэтика) |
|
Менеджмент |
Медициналық білім беру ұйымындағы ресурстарды экономикалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан тарту, нақты бөлу және пайдалануды қоса алғанда, институционалдық және бағдарламалық саясатты іске асыруға байланысты іс-қимыл және/немесе құрылым дегенді білдіреді. Институционалдық және бағдарламалық саясатты іске асыру миссия, білім беру бағдарламасы, студенттерді қабылдау саясаты, қызметкерлерді таңдау және қабылдау, сондай-ақ сыртқы қарым-қатынастар жөніндегі саясат пен жоспарларды жүзеге асыруды көзделеуін білдіреді |
|
Оқыту және білім беру әдістері |
дәрістерді, шағын топтарда оқытуды (TBL), проблемалық-бағдарланған оқытуды (PBL), клиникалық жағдайларға негізделген оқытуды (CBL), практикалық және зертханалық сабақтарды, науқас төсегінің жанында оқытуды, нақты пациенттің қатысуымен клиникада оқытуды, оқу-клиникалық орталықтарда клиникалық дағдыларды оқытуды (SBL), алғашқы медициналық-санитариялық көмек жағдайында оқытуды, сондай-ақ web-технологияларды пайдалана отырып оқытуды қамтиды. |
|
Бағалау әдістері |
формативті және жиынтық бағалау арасындағы теңгерімді, емтихандар мен басқа да тестілеу түрлерінің санын, жазбаша және ауызша емтихандар арасындағы теңгерімді сақтау мәселелерін қарастыруды қамтиды. Сонымен қатар, тиісті нормативтер мен критерийлерге негізделген пайымдауларды қолдануды және арнайы емтихандарды, мысалы, объективті құрылымдалған клиникалық емтиханды (OSCE) өткізуді қамтиды. |
|
Миссия |
білім беру ұйымының және оның білім беру бағдарламаларының барлық басқа аспектілерімен байланысты болуы тиіс жан-жақты негізді қамтамасыз етеді. Миссия институционалдық, ұлттық, өңірлік және жаһандық саясатпен, сондай-ақ білім беру ұйымының көзқарасына байланысты жалпы және нақты мәселелерді қамтиды. |
|
Ғылыми және педагогикалық магистратура |
жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылым саласы үшін терең ғылыми-педагогикалық даярлығы бар ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру |
|
Ғылыми оқу ортасы |
Зерттеу ортасының сапасы мынадай талдау арқылы бағаланады: медициналық білім беру ұйымындағы/ғылыми ұйымдағы PhD докторантурасының бейіні бойынша зерттеу нәтижелерінің жариялануы (жарияланымдар саны, импакт-фактор және т.б.); медициналық білім беру ұйымында/ғылыми ұйымда ғылыми зерттеулерге сырттан қаржыландыруды тарту деңгейі; топтағы, факультеттегі, оқу орнындағы білікті және құзыретті зерттеушілер, оқытушылар саны; медициналық ұйымдардың, университеттердің, ғылыми-зерттеу орталықтарының зерттеу топтарымен ұлттық және халықаралық ынтымақтастық |
|
Ұлттық аккредиттеу |
Реестрге енгізілген ұлттық аккредиттеу органы жүргізетін, білім беру ұйымдары қызметінің (институционалдық аккредиттеу) және жекелеген білім беру бағдарламаларының (мамандандырылған аккредиттеу) сапасын білім беру сапасын қамтамасыз ету стандарттарына сәйкестігіне бағалау процесі |
|
Үздіксіз медициналық білім беру/үздіксіз кәсіби даму |
негізгі және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім алғаннан кейінгі өмір бойы үздіксіз оқыту, сондай-ақ дәрігерлердің пациенттердің қажеттіліктеріне жауап ретінде өздерінің білімін, дағдыларын және қарым-қатынасын қолдау, жаңарту, дамыту және жетілдіру үшін ресми және бейресми түрде орындайтын барлық іс-шаралар. ҮКД ҮМБ-ге қарағанда кеңірек ұғым және медициналық тәжірибеде білім мен дағдылардың үздіксіз дамуын қамтиды |
|
Сапаны қамтамасыз ету |
оқыту процестері, ғылыми зерттеулер, тестілеу, мониторинг, сынама алу, талдау, сондай-ақ басқа да техникалық және есептік қызмет түрлері жоғары сапада жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған рәсімдер, тексерулер, аудиттер және түзету іс-қимылдары жүйесі. Сапаны бақылау медициналық көмектің сапасынан алынатын тиімділікті арттыруға ықпал етеді. |
|
Білім беру бағдарламасы (ББ) |
білім беру стратегияларының, курс мазмұнының (силлабустың), оқыту нәтижелерінің, білім беру тәжірибесінің, бағалау әдістерінің, білім беру ортасының, әрбір білім алушының оқу стилінің, жеке оқу кестесінің және жұмыс бағдарламасының күрделі үйлесімі. Білім беру бағдарламасында білім алушылар қандай білімді, дағдыларды және қарым-қатынастарды меңгеруі тиіс екені айқындалуы қажет. |
|
Өмір бойы оқу |
өзінің клиникалық тәжірибесін бағалау, аудит, талдау немесе танылған үздіксіз кәсіби даму (ҮКД)/үздіксіз медициналық білім беру (ҮМБ) бағдарламалары арқылы білім мен дағдыларды үнемі дамытудың кәсіби жауапкершілігі болып табылады |
|
Негізгі мүдделі тараптар |
ректорды, факультеттер кеңесінің, Ғылыми кеңестің, Әдістемелік кеңестің мүшелерін, оқытушы құрам мен студенттік ортаның өкілдерін, университет әкімшілігін, уәкілетті органдарды қамтиды |
|
Түлектердің жетістіктерін бағалау |
бағдарламалардың біркелкілігі қаупін болдырмау және жоғары оқу орнынан кейінгі даярлау бағдарламаларын жетілдіру үшін негіз қамтамасыз ету мақсатында ұлттық тәуелсіз емтихандардың нәтижелері, мансап таңдауы және жоғары оқу орнынан кейінгі даярлау мен клиникалық тәжірибе нәтижелері туралы ақпаратты қамтиды |
|
Білім беру бағдарламасын бағалау |
медициналық білім беру ұйымының және оның білім беру бағдарламасының тиімділігі мен жеткіліктілігін зерттеу үшін ақпаратты жүйелі түрде жинау процесі. Білім беру бағдарламасының немесе бағдарламаның негізгі аспектілерінің сапасын миссия мен пәндердің оқу бағдарламаларына, оның ішінде оқытудың түпкілікті нәтижелеріне қатысты растау мақсатында деректерді жинау мен талдаудың сенімді және дұрыс әдістерін пайдаланудуы қамтиды. Білім беру бағдарламасын бағалауға сарапшыларды тарту жоғары оқу орнындағы медициналық білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді |
|
Қызметкерлерді таңдау және қабылдау саясаты |
білім беру бағдарламасын іске асыру үшін биомедициналық, мінез-құлықтық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы жоғары білікті ғалымдардың, сондай-ақ клиницистердің тиісті санын және тиісті пәндер немесе зерттеу салаларында жоғары деңгейлі зерттеушілердің жеткілікті санын қамтамасыз ету |
|
Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану саясаты |
|
|
Теңдік қағидаты |
жынысына, ұлтына, дініне, әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне қарамастан және физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, студенттерге тең қарым-қатынас |
|
Қоғам денсаулығы мәселелері |
денсаулық сақтау және онымен сабақтас денсаулық сақтау секторлары саласында жергілікті қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ білім беру бағдарламасына қоғам денсаулығы мәселелерін енгізу |
|
Тұрақты кеңес беру (докторантура) |
бұл айына кемінде бірнеше рет өткізілетін кеңес беру, сонымен бірге кеңес берудің жиілігі PhD докторантына қойылатын жеке талаптарға сәйкес өзгеруі мүмкін. Кеңес беру зерттеулер мен PhD бағдарламасын іске асыру барысын талқылауды қамтуы, жалпы ғылыми ұсыныстар беруі, зерттеу жобасын басқаруға көмектесуі, кейінгі зерттеулерді анықтап, бастауға, диссертация жазуға және жариялауды дайындау кезінде көмек көрсетуі тиіс |
|
Кәсіби дағдылар |
пациентпен жұмыс істеу, командада жұмыс істеу, басшылық ету және пәнаралық даярлық дағдылары |
|
Ресурсы (внутренние или внешние) |
ғылыми жобаны жүзеге асыруға арналған инфрақұрылым және ағымдағы шығыстар. Ұйымның ресурстары докторанттарды қабылдауды, докторантура бағдарламасы бойынша оқытуды ұйымдастыруды, өзіндік оқу және зерттеу жұмысын жүзеге асыру үшін жағдай жасауды, диссертациялық жұмысты орындауды, PhD докторанттарына ғылыми жетекшілік пен консультация беруді, диссертацияны рецензиялау мен бағалауды, ғылыми дәреже беруді, пайдалану шығыстарын, оқыту курстарына және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу шығындарын, сондай-ақ докторантурада оқу ақысын төлеуді, егер бұл тиісті ұйымдарда қолданылса, қамтамасыз етуі тиіс. |
|
Өзін-өзі бағалау |
өз кемшіліктерін, жетістіктерін, мінез-құлқын немесе кәсіби қызметі мен құзыреттілігін бағалау процесі. Өзін-өзі бағалау дербес және үздіксіз оқытудың маңызды бөлігі болып табылады, өйткені ол даму қажеттілігін айқындауға ықпал етеді және құзыреттілікке деген сенімді негіздейді. |
|
Денсаулық сақтау секторы |
мемлекеттік және жекеменшік деңгейде медициналық көмек көрсету жүйесі, сондай-ақ медициналық ғылыми-зерттеу мекемелері |
|
Сервистік қызметтер |
білім алушылардың білім беру, жеке және мансаптық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметтер. Оларға жатақханалар, асханалар, медициналық орталықтар, спорт залдары, компьютерлік орталықтар, кітапханалар, сондай-ақ жұмысқа орналасу және мансаптық өсу бойынша тиімді қызметтер жатады. |
|
Денсаулық сақтау секторымен сабақтас құрылымдар |
денсаулықты нығайтуға және аурулардың профилактикасына қатысы бар мекемелер мен реттеуші органдар. |
|
Салыстырмалы талдау (Benchmark) |
қандай да бір объектілер немесе процестерді салыстыруға болатын стандарт немесе бақылау нүктесі |
|
Әлеуметтік жауапкершілік |
|
|
Мамандандырылған аккредиттеу |
білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау |
|
Стандарттар/басшылық қағидаттар |
жоғары оқу орындары іске асыратын білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етуге сыртқы баға беру |
|
Жиынтық бағалау |
Студентті жиынтық бағалау адамның жұмысын бағалау үшін нақты мақсаттарға қол жеткізгенін бағалайды. Бұл белгілі бір саладағы тапсырмаларды орындаудағы құзыреттілікті немесе құзыреттіліктің жетіспеуін растай алады. Бағдарламаны жиынтық бағалау барлық білім алушылар үшін оқу бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізудегі табыстарын, сондай-ақ процесс мақсаттарына қол жеткізудегі табыстарды және/немесе білім алушылар мен оқытушылардың қатысу, ынталандырылу және қанағаттану дәрежесіндегі табыстарды бағалайды. Сандық деректермен қатар, бағдарламаны жиынтық бағалау бағдарламаны іске асыру кезінде кездесетін болжанбаған кедергілер немесе күтпеген салдарлар туралы сапалы ақпаратты қамтуы мүмкін |
|
Блум таксономиясы |
адамның танымдық қызметінің әртүрлі деңгейлерін, яғни ойлау, оқу және түсіну деңгейлерін айқындауға және ажыратуға арналған жіктеу жүйесі. Блум таксономиясы алғаш рет 1956 жылы Чикаго университетінің психологтар тобы тарапынан жарияланған. Ол комитет төрағасы Бенджамин Блумның (1913–1999) құрметіне аталған. Алғашында таксономияны үш салада қолдану жоспарланған: когнитивтік, аффективтік және психомоторлық салалар. Оқытушылар бастапқы кезеңде негізінен когнитивтік модельге назар аударды. Бұл модель алты түрлі жіктеу деңгейін қамтиды: білім, түсіну, қолдану, талдау, синтез және бағалау. Зерттеу тобы оқыту мен оқу мақсаттары үшін логикалық негіз әзірлеуге ұмтылды. Бұл негіз зерттеушілер мен оқытушыларға адамдардың жаңа білімді, дағдыларды және түсінікті қалай меңгеріп, дамытатынын түсінуге көмектесуі тиіс болды. Олардың бастапқы мақсаты ғалымдарға бірдей білім беру мақсаттарын анықтауға арналған әртүрлі тестілерді әзірлеу кезінде қайталанатын немесе шамадан тыс күш-жігер жұмсаудан аулақ болуға жәрдемдесу болды. Таксономияны қолданушылардың кейбірі оның құрылымының иерархиялық сипатына ерекше назар аударады. Олардың пікірінше, алғашқы үш элемент – білім, түсіну және қолдану – таным мен оқудың төменгі деңгейлерін білдіреді, ал талдау, синтез және бағалау жоғары деңгейлі дағдылар ретінде қарастырылады. Сондықтан таксономия көбінесе пирамида түрінде графикалық түрде бейнеленеді, онда танымдық деңгейлер біртіндеп жоғары қарай күрделене түседі. 2001 жылы ғалымдардың басқа тобы – Блумның шәкірті Лорин Андерсон және Блуммен бірге бастапқы таксономияны дамыту бойынша академиялық топта жұмыс істеген Дэвид Крэтволдың жетекшілігімен – Блум таксономиясының қайта қаралған нұсқасын жариялады. Бұл еңбек «Оқу, оқыту және бағалау таксономиясы: білім беру мақсаттарына арналған Блум таксономиясын қайта қарау» деп аталды. Қайта қаралған «Блум таксономиясы», әдетте осылай аталады, арнайы оқытушыларға арналған. Жаңартылған нұсқада үш категорияның атауы өзгертілді және барлық категориялар зат есім түрінде емес, етістік түрінде берілді. «Білім» категориясы «Есте сақтау» деп, «Түсіну» категориясы «Ұғыну» деп, ал «Синтез» категориясы «Жасау» деп өзгертілді. Сонымен қатар, «Жасау» жіктеу жүйесіндегі ең жоғары деңгейге көтеріліп, «Бағалау» деңгейімен орын алмастырды. Қайта қаралған нұсқада деңгейлер келесі ретпен беріледі: есте сақтау, түсіну, қолдану, талдау, бағалау және жасау. |
|
Білім беру ұйымына қабылдау процесінің транспаренттілігі |
қабылдау процесінің ашықтығына ұмтылысқа қарамастан, көптеген білім беру ұйымдарында PhD бағдарламасы магистратура бағдарламасының немесе резидентураның жалғасы ретінде қарастырылады. Өз түлектерін PhD докторантура бағдарламасына қабылдау басқа мекемелерден келген үміткерлердің осы бағдарламаға түсу мүмкіндігін шектемеуі тиіс. |
|
Басқару |
медициналық білім беру ұйымын басқаруға байланысты іс-әрекет және/немесе басқару құрылымы. Басқару саясатты қалыптастыруға, жалпы институционалдық және бағдарламалық саясатты белгілеу процестеріне, сондай-ақ саясаттың іске асырылуын бақылауға қатысты. Институционалдық және бағдарламалық саясат, әдетте, медициналық білім беру ұйымының миссиясы, білім беру бағдарламасы, білім алушыларды қабылдау саясаты, қызметкерлерді іріктеу және жұмысқа қабылдау, медициналық практикамен және денсаулық сақтау секторымен өзара іс-қимыл мен байланыс мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды, сондай-ақ басқа да сыртқы қатынастарды қамтиды. |
|
Білім алушыны формативті бағалау |
білім алушылардың оқу нәтижелерін жақсарту мақсатында оларға кері байланыс беруді қамтамасыз етеді. Бағалаудың бұл түрі жақсартуды қажет ететін бағыттарды айқындайды және оқыту әдісі ретінде нақты жетілдіру ұсыныстарын ұсынады. |
* Терминдер мен анықтамалар сөздігі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңына сәйкес қолданылатын терминологияны қамтиды.
* Терминдер мен анықтамалар сөздігі Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының базалық және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру сапасын жақсарту жөніндегі жаһандық стандарттарында; Еуропадағы биомедицина және денсаулық туралы ғылымдар бойынша PhD бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі ORPHEUS-AMSE-WFME стандарттарында (PhD оқытуға арналған үздік практикалар) қолданылған терминдер мен анықтамалар негізінде жасалды. Сондай-ақ оған Еуропадағы медициналық білім беру қауымдастығының глоссарийіндегі терминдер енгізілді (AMEE / Association of Medical Education in Europe, https://amee.org/).






