2025 жылғы 10–12 маусым күндері халықаралық сыртқы сараптамалық комиссия Халықаралық медициналық университет «Central Asian Medical University» бакалавриат білім беру бағдарламаларына бағалау жүргізді.
Комиссия құрамына келесі мамандар кірді: комиссия төрайымы – биология ғылымдарының докторы, профессор, «Астана медицина университеті» КЕАҚ оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы, «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің (РУМС) оқу-әдістемелік бірлестігі төрағасының орынбасары – Имашева Б.С., сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, жұмыс беруші өкілдері (тәжірибелік денсаулық сақтау саласы).
Комиссия жұмысына халықаралық сарапшы ретінде м.ғ.д., Ph.D., ғылым докторы (D.Sc.), Сеймельвайс университетінің (Будапешт, Венгрия) трансфузиология кафедрасының меңгерушісі, Венгрияның гематология және трансфузиология қоғамының бас хатшысы, Еуропалық иммуногенетика федерациясының (EFI), Венгрия трансплантология қоғамының және Адам генетикасы қоғамының мүшесі профессор Аттила Тордай (Attila Tordai) қатысты.