APQR
-
Опубликовано: 02 Март 2020
БІЛІМ БЕРУДІ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ САПАСЫН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ АККРЕДИТТЕУДІҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ (АОЕ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАНУДЫ АЛДЫ ЖӘНЕ (APQR) БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ТІЗІЛІМІНЕ ЕНГІЗІЛДІ
АЕО-ның қызметінің барлық түрлерін сыртқы бағалауды Қытайдың, Үндістанның және Жапонияның халықаралық сарапшылар тобы Чиба қағидаттарының өлшемдеріне сәйкестігіне өткізді (Chiba Principles).
Халықаралық команда төмендегі сарапшыларды қамтыды:
- Профессор, доктор Джанксин Чжан (Jianxin Zhang), APQN Президенті, Юньнань жоғары білімді бағалау орталығының бас сарапшысы (YHEEC) және Юньнань университетінің (Yunnan University) штаттағы профессоры, Куньмин, Қытай;
- Доктор Джаянт Деопуджари (Jayant Deopujari), Үнді медицинасы Орталық кеңесінің президенті (CCIM), AYUSH министрлігі, аюрведиялық медицина маманы RAV, Үндістан;
- Профессор Риэ Мори (Rie Mori), жоғары білім беру және жоғары білім сапасын арттыру ұлттық институтының профессоры (NIAD-QE), Токио, Жапония.
Congratulation Letter of APQR Inclusion
APQR Certificate – ECAQA
2012 жылы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Азия-Тынық мұхиты желісінің Бас Ассамблеясының шешімі бойынша Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Азия-Тынық мұхиты реестрі (APQR) құрылды (APQN) https://www.apqr.co/APQR Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі сапаны қамтамасыз ету және аккредиттеу бойынша ұйымдардың (агенттіктер, орталықтар, қауымдастықтар) тізілімі болып табылады.
Аккредиттеу органының Чиба (Chiba Principles) қағидаттарының өлшемдеріне сәйкестігін тәуелсіз сыртқы бағалауды халықаралық сарапшылар тобы жүзеге асырады және өзін-өзі бағалау бойынша есепті талдауды, сарапшылардың аккредиттеу органына сапарын, сыртқы бағалау қорытындылары бойынша қорытынды есепті дайындауды және APQR Кеңесінің шешім қабылдауын қамтиды.
APQR-ға қосу аккредиттеу органы жүзеге асыратын аккредиттеу рәсімінің жоғары сапасының көрсеткіші болып табылады.
APQR-ға енгізілген аккредиттеу органдары қызметтің негізгі түрлерінің айқындығын, тұрақты дамуды және білім беру сапасын қамтамасыз ету саласында жетілдіруге ұмтылысты көрсетеді.
APQR-ға енгізілген аккредиттеу органдары APQN-мен ынтымақтастықта шетелдік білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді жүргізу құқығына ие.
ECAQA Outcome letter-Inclusion on APQR-24-Feb-2020