Сыртқы сараптау комиссиясы 2026 жылғы 15–17 сәуір аралығында «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-на жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу стандарттарына және 2024 жылғы жаңартылған ДМБФ (WFME) халықаралық стандарттары негізінде әзірленген әрі ESG стандарттарымен үйлестірілген соңғы білім беру (резидентура) бағдарламаларын аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында барды.
Халықаралық сараптау комиссиясын медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, онкохирург-дәрігер, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ онкология және сәулелік диагностика кафедрасының меңгерушісі Кабилдина Н.А. басқарды.
Комиссия құрамына халықаралық сарапшы – Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Оңтүстік Орал мемлекеттік медицина университетінің хирургия кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының докторы Борсук Д.А., халықаралық флеболимфология қоғамындағы Ресей делегаты, Journal of Vascular Surgery: Venous and Lymphatic Disorders журналының редакциялық алқа мүшесі кірді.
Сараптау комиссиясының құрамына сондай-ақ Қазақстан медициналық университеттерінің оқытушылары, резидент және практикалық денсаулық сақтау саласының өкілі қатысты.






