2025 жылғы 3–5 маусымда «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББМ бакалавриат, магистратура, докторантура және резидентура білім беру бағдарламаларына халықаралық сыртқы сараптамалық комиссия бағалау жүргізді.
Комиссия төрайымы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды басқару» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, «Қоғамдық денсаулық» комитетінің төрайымы Л.С. Ермуханова, сондай-ақ Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары комиссия құрамында болды.
Халықаралық сарапшылар ретінде комиссия жұмысына Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласындағы Ташкент фармацевтикалық институтының «Фармацияны ұйымдастыру» кафедрасының меңгерушісі, фармацевтикалық ғылымдар докторы, профессор, Халықаралық фармакоэкономика және нәтижелерді зерттеу қоғамының мүшесі Н.Д. Суюнов пен Ресей Федерациясы, Курск мемлекеттік медицина университетінің «Фармация» кафедрасының доценті, фармацевтикалық ғылымдар кандидаты Т.А. Олейникова қатысты.