2025 жылғы 14–16 мамыр аралығында халықаралық сыртқы сараптамалық комиссия әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Стоматология» және «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша бакалавриат бағдарламаларына, сондай-ақ бастапқы мамандандырылған аккредиттеу аясында резидентура бағдарламаларына бағалау жүргізді.
Комиссия құрамында: Төрайымы – Жунусова А.А., «Астана медицина университеті» КЕАҚ академиялық жұмыс жөніндегі проректоры, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің дарынды жас ғалымдарға арналған сыйлығының лауреаты; Сонымен қатар Қазақстан медициналық университеттерінің оқытушылары, студент, резидент және медициналық ұйымдардың (жұмыс берушілердің) басшылары болды.
Аккредиттеу комиссия жұмысына қатысқан халықаралық сарапшылар: Милена Станева, PhD, София университетінің (Болгария) «St. Kliment Ohridski» медицина факультетінің құрметті профессоры, Болгарияның Ұлттық бағалау және аккредиттеу агенттігінің Денсаулық сақтау және спорт жөніндегі Тұрақты комитетінің мүшесі, сарапшы; Болгария Денсаулық сақтау министрлігінің Сараптамалық кеңесінің бас үйлестірушісі; София қаласындағы «Токуда университеті» Acibadem клиникалық ауруханасының ангиология бөлімінің меңгерушісі, Сатеник Багдасарян, PhD, Мхитар Гераци атындағы Ереван мемлекеттік медицина университетінің мамандандыру және үздіксіз білім беру орталығының басшысы, эндокринология кафедрасының доценті, Армения Республикасының Ұлттық кәсіби білім сапасын қамтамасыз ету орталығы (ANQA) жанындағы Білім сапасын қамтамасыз ету қорының аккредиттеу жөніндегі сарапшысы. Халимбетов Г.С., медицина ғылымдарының докторы, Медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру орталығының отбасылық медицина және кәсіби аурулар кафедрасының меңгерушісі, кәсіподақ төрағасы.