2024 жылғы 18–20 ақпан аралығында Өзбекстан Республикасының Медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін дамыту орталығына институционалдық аккредиттеу шеңберінде сыртқы сараптамалық бағалау жүргізілді.
Халықаралық сарапшы: Йорданка Узунова (Yordanka Uzunova), Медицина ғылымдарының докторы (MD, PhD), доцент. Болгария Педиатрлар қауымдастығының, Халықаралық бауыр трансплантациясы қоғамының және Еуропалық ағза трансплантациясы қоғамының мүшесі. Лозенец университеттік ауруханасының педиатрия клиникасының басшысы, София қаласындағы «St. Kliment Ohridski» университетінің медицина факультеті деканының орынбасары (Болгария).
Сыртқы сараптама комиссия төрайымы: Смаилова А.Н., медицина ғылымдарының кандидаты, Назарбаев Университетінің «University Medical Center» Корпоративтік қорының Стратегия департаментінің директоры, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау кадрлық ресурстарын дамыту басқармасының басшысы (2008–2017). Академиялық сарапшылар: Мадьяров В.М., медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан-Ресей медицина университетінің хирургия, анестезиология және реаниматология курсы кафедрасының меңгерушісі; Түкбекова Б.Т., медицина ғылымдарының докторы, доцент, Қарағанды медицина университетінің педиатрия және неонатология кафедрасының меңгерушісі; Тұрақұлов Р.И., медицина ғылымдарының докторы, Ташкент медицина академиясының Білім сапасын бақылау бөлімінің басшысы (Өзбекстан, Ташкент). Комиссия құрамында сондай-ақ Өзбекстаннан жұмыс беруші сарапшы және Қазақстаннан резидент-сарапшы болды.