2025 жылғы 26-27 ақпан аралығында институционалдық аккредиттеу шеңберінде «Инновациялық репродуктивті технологиялар академиясы – Ecomed» ЖШС сыртқы сараптамалық бағалау жүргізілді.
Сыртқы сараптау комиссиясының құрамына келесі шетелдік сарапшы: Ешімбетова Гүлсара Закировна, Ташкент қ. медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін дамыту Орталығының акушерлік, гинекология және перинаталдық медицина кафедрасының профессоры, Халықаралық гинекологтар және акушерлер Федерациясының (FIGO) мүшесі, Өзбекстан Республикасы акушер-гинекологтар қауымдастығының Басқарма мүшесі кірді.
Комиссия құрамында: төраға – Курманова Алмагуль Медеубаевна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ Ғылым жөніндегі кеңесшісі; Кайдаулов Мухтар Кенжебекович, медицина ғылымдарының магистрі, ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» оқу орталығының басшысы; Ибраева Айнагул, сарапшы дәрігер, PERSONA халықаралық репродуктология клиникалық орталығының пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің басшысы. Медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау сарапшысы;