САМАРКАНД МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТАЦИЯСЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН СЫРТҚЫ ЭКСПЕРТТІК БАҒАЛАУ, САМАРҚАНД ҚАЛАСЫ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, 2024 ЖЫЛЫ 26–28 ҚАРАША

2024 жылғы 26–28 қараша аралығында Самарканд мемлекеттік медициналық университетінің институционалдық аккредитациясы аясында сыртқы эксперттік бағалау жүргізілді.

Халықаралық сарапшы – Дэвид Гордон (David Gordon), профессор, MA MB FRCP FmedSci, Дүниежүзілік Медициналық Білім Федерациясының және Еуропа Медициналық Мектептері Ассоциациясының бұрынғы президенті. Сондай-ақ, 1999–2008 жылдары Манчестер университетінің вице-президенті және медицина факультетінің деканы, 2003–2006 жылдары Ұлыбритания медициналық мектептер декандары кеңесінің төрағасы (Лондон, Ұлыбритания).

Сыртқы сараптама комиссияның төрағасы – Койков Виталий Викторович, медицина ғылымдарының докторы, «Астана медицина университетінің» КеАҚ ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры. ҚР ДСМ медициналық көмекті стандарттау, аккредитация және денсаулық сақтау саласының адами ресурстарын дамыту жөніндегі комитетінің, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріккен комиссиясының мүшесі.

Академиялық сарапшы – Саттаров Жамолиддин Бахронович, медицина ғылымдарының докторы, «Госпитальдық балалар хирургиясы және балалар онкологиясы» кафедрасының доценті, жоғары санатты балалар хирургы, Ташкент педиатриялық медициналық институты (Ташкент, Өзбекстан Республикасы).

Академиялық сарапшы – Жанкалова Зульфия Мейрхановна, медицина ғылымдарының докторы, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің №1 Жалпы дәрігерлік практика кафедрасының профессоры. Сондай-ақ комиссия құрамына Өзбекстаннан сарапша-жұмыс берушілердің өкілі мен Қазақстандық студент-сарапшы кірді.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)