2024 жылғы 12-14 қарашада институционалдық аккредиттеу шеңберіндегі "INTERNATIONAL SCHOOL of FINANCE TECHNOLOGY AND SCIENCE" ЖШҚ сыртқы сараптамалық бағалау жүргізілді. Сыртқы сараптау комиссиясына шетелдік сарапшы қатысты: ВАЛЕРИЯ ЧЕПЕ (VALERIA CSEPE), Венгрия Ғылым Академиясының Психология және неврология ғылымдарының докторы, Венгрия Республикасының RCNS миды бейнелеу орталығының (зерттеу желісі) құрметті профессоры.
Венгрияның аккредиттеу комитетінің президенті. The European Association for Quality Assurance in Higher Education - ENQA зерттеу сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс тобының мүшесі.
Комиссия құрамында: төрайымы НАЗАРОВА ВЕРА ЛЕОНИДОВНА, экономика ғылымдарының докторы. Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің "Есеп, аудит және статистика" кафедрасының профессоры. "Еуразия" Халықаралық Экономикалық Академиясының Академигі. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының сарапшысы; ХАЙДАРОВ ИЛХОМ КУДРАТОВИЧ, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Ташкент қаласындағы Ғылым және технология университетінің оқу жұмысы жөніндегі проректоры, "Өзбекстан Республикасының Конституциясына 30 жыл" төсбелгісімен марапатталған, Өзбекстан Республикасы; НЕФЕДОВА ЛАРИСА ВЛАДИМИРОВНА, педагогика ғылымдарының кандидаты, Астана қаласы "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ стратегиялық даму департаментінің директоры.
"Русский регистр" сертификаттау қауымдастығының Аккредиттеу Кеңесінің мүшесі, Ресей Федерациясы; ЖАЛИЛОВ МИРШОД БУРХОНОВИЧ, "KAFIL-SUG 'URTA" АҚ біліктілікті арттыру орталығының директоры, Өзбекстан Республикасы; ПАРВИНА ОДИЛОВА, Ташкент қаласындағы Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетінің "Ағылшын тілі" мамандығы бойынша 3-курс студенті болды.