2024 жылғы 22-24 қазанда институционалдық аккредиттеу және резидентураның 2 білім беру бағдарламасын аккредиттеу шеңберінде "Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" ЖШС сыртқы сараптамалық бағалау жүргізілді.
Сыртқы сараптау комиссиясына шетелдік сарапшы қатысты: РАХМАТУЛЛАЕВ АКМАЛ АБАДБЕКОВИЧ, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ташкент педиатриялық медицина институтының I-ші педиатрия факультетінің деканы, балалар хирургиясы, Анестезиология және реаниматология факультетінің кафедра меңгерушісі, “Меҳр-Саховат” медалімен марапатталған, Өзбекстан Республикасы.
Комиссия құрамында: төрайымы ЕСЕНКУЛОВА САУЛЕ АСКЕРОВНА, медицина ғылымдарының докторы, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ дипломнан кейінгі білім беру орталығының профессоры, Қазақстан Республикасы онкологтар қауымдастығының мүшесі; ДЖАМБУЛОВА БЭЛА ТЕЛЬМАНОВНА, медицина ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББМ урология және андрология курсының меңгерушісі; ИЗТЛЕУОВ ЕРБОЛАТ МАРАТОВИЧ, медицина ғылымдарының кандидаты, "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КеАҚ радиология кафедрасының басшысы, ғылыми-зерттеу жұмысы мәселелері жөніндегі жергілікті-этикалық комиссиясының мүшесі, сапа менеджменті қызметінің ішкі аудиторы; ОСПАНОВА МАДИНА ЕРАЛЫЕВНА, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрліктің "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" ШЖҚ РМК жасушалық технологиялар бөлімінің меңгерушісі; АИДА КАБЫЛДИНА, "Астана медицина университеті" КеАҚ "Радиология" мамандығы бойынша екінші оқу жылының резиденті болды.