«UNIVERSITY MEDICAL CENTER» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ СЫРТҚЫ САРАПТАМАЛЫҚ БАҒАЛАУ, 27-29 ЖЕЛТОҚСАН 2023 Ж.

2023 жылғы 27-29 желтоқсанда институционалдық аккредиттеу және резидентураның 9 білім беру бағдарламасын мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде "UNIVERSITY MEDICAL CENTER" корпоративтік қорына сыртқы сараптамалық бағалау жүргізілді.

Сыртқы сараптау комиссиясының құрамында шетелдік сарапшылар болды:

ЗИГАНШИНА ЛИЛИЯ ЕВГЕНЬЕВНА, медицина ғылымдарының докторы, «Ресей үздіксіз кәсіптік білім беру медициналық академиясы» Қосымша кәсіптік білім берудің федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің эпидемиология кафедрасының профессоры, Кокрейн Ресей ДДҰ-ның негізгі дәрі дәрмектерді таңдау және пайдалану жөніндегі комитетінің мүшесі директоры. «Татарстан Республикасының Денсаулық сақтау практикасына дәрі - дәрмектерді іріктеудің және ұтымды пайдаланудың жаңа технологиясы-формулярлық жүйені әзірлеу және енгізу» жұмысы үшін Татарстан Республикасының Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

СААТОВА ГУЛИ МИРАХМАТОВНА, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қырғыз Республикасы ДСМ (ДСӘДМ) «Ана мен баланы қорғау ұлттық орталығы» мекемесінің кардиоревматология бөлімінің меңгерушісі, ҚР ДСМ бас ревматологы, Орталық Азия және Қазақстан ревматологтары қауымдастығының Вице-президенті.

Комиссия төраға ТУРГУНОВ ЕРМЕК МЕЙРАМВИЧ, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры, «Қарағанды облысының хирургиялық қауымдастығы» ҚБ президенті, Халықаралық хирургтар қоғамының (International Surgery Society) мүшесі, «Астана қаласының тәуелсіз сарапшылар қауымдастығының» және «ҚММУ тәуелсіз сарапшылар Одағының» мүшесі.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)