НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

АЕО аккредиттеу бойынша сарапшылардың дерекқорына енгізу үшін өтінішті өзінің жеке e-mail осы мекенжайыға жіберуге болады Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. Хабарламаның тақырыбына «Аккредиттеу бойынша сарапшылар базасына қосу үшін» деп жазу қажет.

Бас директоры С.С. Сәрсенбаеваның атына өтініш еркін нысанда ресімделеді. Өтінішке қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі түйіндеме қоса берілсін.

Ізденушінің АЕО аккредиттеу бойынша сарапшылардың дерекқорына енгізілгенін растау кезінде жеке e-mail-ге білімі, ғылыми дәрежесі/ғылыми атағы, маман сертификаты, біліктілікті арттыру сертификаттары мен жетістіктері туралы құжаттардың көшірмелерін ұсыну туралы өтініш хат жолданатын болады.

БІЛІМ БЕРУДІ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ САПАМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ АККРЕДИТТЕУДІҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ (АЕО) АККРЕДИТТЕУ БОЙЫНША САРАПШЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРЫ

Сарапшы міндетті:

  • Кәсіби және білім беру қызметіндегі өтілі 5 жылдан бастап болуы керек (студенттерден сарапшы кандидаттар үлгеруші және белсенді білім алушылар қатарынан болуы керек);
  • MS, PhD дәрежесі немесе ғылыми дәрежесі, кәсіпте категориясы немесе біліктілік разряды болуы керек;
  • Өз кәсібі (мамандығы) бойынша сарапшы болу;
  • Есепке алумен біліктілік деңгейінің сәйкестігіне кепілдік беру:
    • Қазақстан Республикасының Білім беру (оның ішінде мемлекеттік білім беру стандарттары мен талаптары) және денсаулық сақтау (медициналық білім беру ұйымдары үшін) саласындағы заңнамасына өзгерістер енгізу,
    • ақпараттық және қашықтықтан білім беру технологияларын дамыту;
  • Өзінің кәсіби және академиялық деңгейін үнемі жоғарлату;
  • Сараптамалық бағалау барысында алынған ақпаратты жүйелеуге және қорытындылауға мүмкіндік беретін аналитикалық қабілеттерге ие болу;
  • Коммуникативті болу және командада жұмыс істей білу;
  • Еаа өткізетін семинарларға, конференцияларға және өзге де іс-шараларға белсенді қатысу.

Сарапшы білуі керек:

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласындағы қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаны; аккредиттелетін білім беру ұйымының бейініне сәйкес өрістегі (саладағы) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасын; Еңбек кодексін; Білім берудегі қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді (бұйрықтарды, қаулыларды, қағидаларды) (білім беру деңгейін ескере отырып); сондай-ақ білім берудегі аккредиттеу рәсімін регламенттейтін өзекті құжаттарды;
  • Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудегі ішкі және сыртқы сапаны қамтамасыз ету тетіктері мен құралдарын;
  • AEО аккредиттеу бойынша сарапшының қызметін реттейтін құжаттарды (сарапшының Этика кодексі, мүдделер қақтығысының болмауы және құпиялылық туралы өтініш-міндеттеме);
  • Білім беру ұйымын институционалдық аккредиттеу (білім беру деңгейін ескере отырып) және білім беру бағдарламасын аккредиттеу процесінің негізгі кезеңдерін;
  • Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуді жүргізу бойынша аккредиттеу стандарттары мен АЕО нұсқаулықтарының мазмұнын;
  • Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқауларының қолдану аясы мен мақсаттарын (ESG 2015);
  • Білім беру ұйымын және/немесе білім беру бағдарламасын аккредиттеу барысында АЕО аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалауды жүргізу тәсілдерін;
  • Білім беру бағдарламаларының білім беру саласындағы мемлекеттік талаптарға сәйкестігін бағалаудағы тәсілдерін;
  • Білім беру ұйымының және/немесе білім беру бағдарламасының өзін-өзі бағалау есептеріне рецензия жазуға қойылатын талаптарын;
  • Білім беру ұйымының және/немесе білім беру бағдарламасының сыртқы сараптамасының нәтижелері бойынша сыртқы сараптама комиссиясының қорытындысы мен ұсынымдарының мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптарын;
  • Білім беру ұйымын және/немесе білім беру бағдарламасын аккредиттеу барысында сараптамалық бағалауды жүзеге асыру барысында дайындалатын құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарын;

Сарапшы істей білуі керек:

  • Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша өз білімі мен дағдыларын сараптамалық қызметте, оның ішінде Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарын ескере отырып қолдану (ESG 2015);
  • Сыртқы сараптамалық бағалауды жүргізудің нысандары мен әдістерін жүйелі жетілдіруді ескере отырып икемді болу;
  • Білім беру ұйымының және/немесе білім беру бағдарламасының білім алушылары мен түлектерін даярлау мазмұнының мемлекеттік білім беру стандарттары мен талаптарына сәйкестігін (сәйкессіздігін) айқындау;
  • Білім беру ұйымының институционалдық қызметінің және/немесе білім беру бағдарламасының АЕО аккредиттеудің тиісті стандарттарына сәйкестігі дәрежесін белгілеу. Осы мақсатта АЕО сарапшыларды тұрақты даярлауды жүргізеді (оқыту бағдарламасы бұдан әрі сілтеме бойынша http://www.ecaqa.org/obuchenie/programma-obucheniya-ekspertov, http://www.ecaqa.org/kz/sarapshylardy-okytu-bagdarlamalary);
  • Білім беру бағдарламаларына (оның ішінде оқу жоспарларына, пәндердің (модульдердің) жұмыс оқу бағдарламаларына, силлабустарға және білім алушылардың даярлық сапасын және рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ететін басқа да материалдарға, сондай-ақ оқу және өндірістік практика бағдарламаларына, күнтізбелік оқу жоспарларына, білім беру бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ететін әдістемелік материалдарға) талдау жүргізу;
  • Білім беру ұйымының институционалдық өзін-өзі бағалау есебін және білім беру бағдарламасының өзін-өзі бағалау есебін AEО аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне рецензиялау;
  • Мүдделі тараптарға сауалнама жүргізу (сыртқы сапар барысында) және оның нәтижелерін өңдеуді жүзеге асыру;
  • Сауалнама, сұхбат және ауызша және жазбаша қарым-қатынастың басқа әдістері арқылы ақпарат жинау;
  • Әр түрлі ресурстарды бағалау (материалдық-техникалық, білім беру, ақпараттық-коммуникациялық, кадрлық);
  • Сыртқы сараптама комиссиясының қорытындысын және сараптама бойынша басқа да құжаттарды ресімдеу;
  • Сыртқы сараптамалық бағалау нәтижелері туралы есепті ресімдеу және қалыптастыру;
  • Сыртқы сараптамалық бағалау жүргізу процесінде аккредиттеу органымен, сыртқы сараптамалық комиссия мүшелерімен, аккредиттелетін білім беру ұйымының қызметкерлерімен тиімді және этикалық өзара іс-қимыл жасау.
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)