EQAR
-
Опубликовано: 22 Январь 2025

Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы (АЕО) 2024 жылдың 11 қазанында EQAR тіркеу комитетінің шешімімен Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Еуропалық тізілімге (The European Quality Assurance Register for Higher Education, EQAR) енгізілді.
ECAQA_Approval Letter from EQAR President
EQAR тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдар бүкіл Еуропалық жоғары білім кеңістігінде (ЕЖБК) қызмет атқара алады. АЕО-ның EQAR тізіліміне енгізілуі аккредиттеу орталық қызметінің ЕЖБК-дегі жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша стандарттар мен нұсқаулықтарға (ESG 2015) толық сәйкестігін растайды және аккредиттеу туралы шешімдерді жариялауға, сондай-ақ білім беру мекемелері мен білім беру бағдарламаларын бағалау бойынша сыртқы сараптама комиссияларының есептерін The Database of External Quality Assurance Results (DEQAR) дерекқорында орналастыруға мүмкіндік береді. DEQAR деректері ЕЖБК шеңберіндегі міндеттемелерді қолдауға көмектеседі және жоғары оқу орындарына Europass және European Blockchain Service Infrastructure (EBSI) Еуропалық комиссия инфрақұрылымдары арқылы цифрлық куәліктер алуға пайдалануға болады.