Денсаулық сақтау мамандарының біліктілігін арттыру жылы аясында 2025 жылғы 4-5 сәуірде «Мейіргерлік білім мен практиканы дамытудың перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Іс-шараны Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Жоғары медициналық колледжі және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі ұйымдастырды.
Конференцияның серіктесі ретінде Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы (АЕО) қатысты. Орталықтың Бас директоры Сарсенбаева С.С. « Институционалдық аккредиттеу процесі арқылы медициналық қызметкерлердің үздіксіз білімін тану: қағидаттары мен тәсілдері» тақырыбында презентация жасады.
Халықаралық іс-шара аясында Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы «Қосымша және бейресми білім беруді аккредитациялау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған жоғары медициналық колледждердің қызметкерлері, Қазақстанның медициналық ұйымдарының (тәжірибелік мамандар) өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – қосымша және бейресми білім беруді аккредитациялау бойынша сарапшылардың, соның ішінде тәжірибелік денсаулық сақтау саласының өкілдерінің біліктілігін арттыру болды.