АЕО-на сапар 2024 жылдың 19 маусымда өтті. АЕО-на келген халықаралық сарапшылардың мүшелері: Патрик Ван Ден Бош, ENQA Басқарма мүшесі, Фламандтық жоғары білім кеңесінің басшысы – QA, Бельгия және Нурия Комет Сенал, AQU Catalunya аккредиттеу агенттігінің ішкі сапаны қамтамасыз ету жобасының үйлестірушісі, Испания.
ENQA-ның 2021 жылы АЕО-на сыртқы бағалауынан өткізіп, 2022 жылы АЕО-на толық ENQA мүше мәртебесін беру туралы шешімнен кейін 2024 жылға халықаралық сарапшылық сапар жоспарланған. Сапардың мақсаты: АЕО-ын жетілдіру мен стратегиялық дамытуға бағытталған диалог (ENQA агенттіктерін бағалау бойынша нұсқаулық, 2021 жылғы нұсқасы); аккредиттеу орталығы ұсынған мәселелерді талқылау (Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат: QAA-ның жауапкершілігі мен жауабы; Медициналық білім берудегі трансшекаралық аккредитация: Аймақтық және ұлттық контекст; Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім сапасын қамтамасыз ету: Мәселелер мен перспективалар).
Сапар бағдарламаға сәйкес өтті. АЕО Аккредиттеу және Сараптамалық кеңес мүшелерінің, аккредиттеу бойынша сарапшылар мен студенттік сарапшылардың қатысуын қамтамасыз етті.