Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығының, халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Амандықов Әлібек, 2024 жылдың 8 сәуірінде өткен: ENQA және ENIC-NARICS ұйымдастырған «QA AGENCIES & ENIC-NARICS - COOPERATION MODELS AND OPPORTUNITIES» вебинарына қатысты.
Шара барысында спикерлер аккредиттеу тәжірибесімен, Ирландия мен Литвадағы білім сапасын қамтамасыз ету қағидалары мен тәсілдерімен бөлісті. Осылайша, QQI халықаралық ұтқырлық және алдын ала оқыту бөлімінің басшысы Andrina Wafer «QQI – NARIC Ireland орналасқан біліктілік және сапаны қамтамасыз ету органы» кейсін ұсынды.
SKVC ақпарат және бағалау жөніндегі қызметкері Kristina Sutkute Литва мысалында аккредиттеу агенттігі мен ENIC-NARIC арасындағы ынтымақтастық тәжірибесімен бөлісті.
Bas Wegewijs, NUFFIC тобының үйлестірушісі, халықаралық тану саясаты бойынша қызметкері NVAO-Nuffic және ENIC-NARIC арасындағы ынтымақтастық тәжірибесімен, сондай-ақ аккредиттеу агенттіктерінің мұндай ынтымақтастық ашатын мүмкіндіктерімен бөлісті.
Вебинарды ENQA саясат және жобалар бойынша аға үйлестірушісі Elena Cirlan және ENIC-NARIC желісінің президенті Chiara Finocchietti модераторлық етті.<