АККРЕДИТТЕУДІҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАНЫЛУЫ
-
Опубликовано: 20 Сентябрь 2022
Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы білім беру сапасын қадағалау бойынша мемлекеттік инспекцияның 15.04.2022 жылғы шығыс № 01-187 ресми хатымен білім беру сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясатты іске асырудың арнайы уәкілетті органы болып табылатын «Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы» КеМ Өзбекстан Республикасының Білім беру мекемелерінің медициналық білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеуді өткізу бойынша өкілеттіктер берілді.
Мемлекеттік Инспекция білім беру сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік басқарудың арнайы уәкілетті органы болып табылады.
Мемлекеттік инспекция, Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және АЕО арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, ол аккредиттеу орталығының білім беру бағдарламаларын аккредиттеу кезіндегі барлық міндеттемелерін орындауына кепілдік береді.