2022 жылғы 17-19 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығына (ҚДЖАҒО) Халықаралық сыртқы сараптама комиссиясы барды

2022 жылғы 17-19 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығына (ҚДЖАҒО) Профессор А.В.Балмұханованың төрағалығымен өткен Халықаралық сыртқы сараптама комиссиясы барды.

Институционалдық бағалау және «Дерматовенерология, ересектер, балалар» мамандығы бойынша резидентураның білім беру бағдарламасына бағалау жүргізілді. Комиссия құрамында: шетелдік академиялық сарапшы ИБАДОВА ГҮЛНАРА АЛИЕВНА, профессор, медицина қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін дамыту орталығының «Балалар жасындағы инфекциялық және паразиттік аурулар» кафедрасының меңгерушісі, Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің инфекционист бас маманы; ИМАШЕВА БАҒДАТ САКЕНОВНА, профессор, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Басқарма Төрағасының кеңесшісі; АХМЕТОВА АЛЬМИРА КАЛИКАПАСОВНА, доцент, Семей медицина университетінің «Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология» кафедрасының профессорының м.а.; АМАНЖОЛОВА МЕРУЕРТ ТЕМІРТАСҚЫЗЫ, Павлодар облыстық ауруханасының тері-венерологиялық бөлімінің меңгерушісі, Павлодар облысының штаттан тыс дерматовенерологы; САХАБАЕВА ЭЛЬВИРА, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің «Ересектер, балалар дерматовенерологиясы» мамандығы бойынша 2-ші оқу жылының резиденті.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu