СЫРТҚЫ САРАПТАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ "ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНА САПАРЫ

2019 жылдың 26-27 маусымында АЕО сыртқы сараптау комиссиясы (ССК) институционалдық аккредиттеу шеңберінде сырттай бағалау жүргізу үшін біліктілікті арттыру, қысқа мерзімді оқыту, қайта даярлау, практикалық, қоғамдық және ғылыми іс-шаралар жүргізетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК сапары болды.

ССК құрамында: Комиссия төрағасы – "Орталық клиникалық аурухана" АҚ инновация және білім беру орталығының басшысы, "Биоэтика және медициналық құқық қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің президенті (Алматы қ.), Дүниежүзілік медициналық құқық қауымдастығының мүшесі, Еуропалық Педиатрия және жасөспірімдер гинекологиясы қауымдастығы, PhD – Шамсутдинова Альфия Гумаровна; Шетелдік сарапшы – И. К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының профессор Э. С. Батыев атындағы Фармация, дәрілік заттар технологиясы және басқару кафедрасының меңгерушісінің м. а., фарм.ғ.к., доцент, Дооталиева Сайрагуль Чыныбековна; Ұлттық академиялық сарапшы – "С.Ж. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті" акционерлік емес қоғамының «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасының аға оқытушысы, Рамазанова Маншук Анеровна; Сарапшы-тыңдаушы – "YES!!!" халықаралық медициналық білім беру орталығының коммерциялық директоры, Зимбаева Наргиз Маратовна; Практикалық денсаулық сақтаудың сарапшы – өкілі – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері, м.ғ.к. – Абдрасулов Рашид Болатович; «Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы» Коммерциялық емес мекемесінің бас директоры, профессор, MBA, м.ғ.д., Сарсенбаева Сауле Сергазиевна.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu