АЕО Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Бәсекеге қабілетті экономиканың және тұрақты дамудың негізі ретінде кадрларды даярлау: инновациялар, технологиялар және өнеркәсіппен ынтымақтастық» атты кеңейтілген алқа отырысына қатысты. Іс-шара 2025 жылғы 7 ақпанда Назарбаев Университетінде өтті. Алқа отырысында министр Саясат Нұрбек жоғары білімнің жетістіктері мен даму перспективаларын, университеттердің ұлттық және халықаралық рейтингтердегі жетістіктерін, бизнес пен өндірістік кәсіпорындардың жаңа кадрларға деген сұранысын талдау, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы жетістіктерге тоқталды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Т.И. Ешенқұлов сұранысқа ие кадрларды даярлау саласындағы тиімді өзара қарым-қатынасы туралы айтты.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы Г.Ж. Жанқуатов «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңның іске асырылуы жөнінде баяндама жасады. Жоғары білім мен ғылымды цифрлық трансформациялау мәселелерін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Д.Р. Щеглова атап өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы Мемлекеттік тіл саясаты мәселелері болды және ол Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Е. Тлешовтың баяндамасында қамтылды. Алқа отырысының бағдарламасы сондай-ақ Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорларының, өнеркәсіп, өндіріс және бизнес өкілдерінің баяндамаларын қамтыды.
Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы үшін білім беру ұйымдарының түлектеріне сұранысы жайлы, мамандарды практикалық даярлау сапасын талдау тәсілдері, оқытудағы инновациялық әзірлемелерді қолдану, әлемдік білім беру платформаларына қолжетімділігі, жастарды әлеуметтендіру, білім беруді интернационалдандыру контекстінде кадрларды ілгерілей даярлау моделі, шетелдік студенттер санының өсу үрдісі, білім беру қызметтерін экспорттау, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелері туралы объективті әрі сенімді ақпарат алу маңызды болды.