admin

admin

1. Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы 2019 жылдан бастап DORA (Медициналық білім беруді халықаралық зерттеу қоры Directory of Organizations that Recognize/Accredit Medical Schools (FAIMER)) АҚШ – Дүниежүзілік Медициналық Білім беру Федерациясының (ДМБФ) базалық медициналық білім беруді аккредиттеу органдарын тану бағдарламасы бойынша серіктесі болып табылатын медициналық мектептерді аккредиттейтін ұйымдардың директориясына енгізілді https://www.faimer.org/resources/dora/kazakhstan.html

Бұл білім беру ұйымдарына не береді: институционалдық аккредиттеуден сәтті өткен медициналық білім беру ұйымдары ДДҰ/Дүниежүзілік Медициналық Білім беру Федерациясының Дүниежүзілік медициналық мектептер директориясына енгізіледі, осылайша өз қызметінің білім беру сапасын жақсарту жөніндегі ДМБФ халықаралық стандарттарына сәйкестігін растайды.

1. Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне (1-тізілім) енгізілген.

https://enic-kazakhstan.edu.kz/accreditation/accredited_organizations

https://enic-kazakhstan.edu.kz/en/accreditation/accredited_organizations

https://enic-kazakhstan.edu.kz/ru/accreditation/accredited_organizations

АЕО қызметі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңына (2022 жылғы жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен); «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 шілдедегі № 171-VІ Заңына; «Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығымен (жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрінің м. а. 2021.10.04 № 499 бұйрығымен) сәйкес жүзеге асырылады.

Бұл білім беру ұйымдарына не береді: «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, 9-1, 39-баптардың (5-1-т.), 59-т. (5-1-т.), 65-т. (5-т.) талаптарын орындау.

2022 жылғы 22 маусымда ENQA кеңесі Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттедің Еуразиялық орталығының (АЕО) ENQA-ға бес жыл мерзімге толық мүшелікке кіргені туралы шешім қабылдады.

ENQA кеңесі АЕО-ғы жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігінде (ESG 2015) сапаны қамсыздандыру бойынша Стандарттар мен Нұсқаулыққа сәйкес келеді және осылайша ENQA аккредиттеу органдарын сыртқы бағалау рәсімдерінің қағидаларының 6-бабының 1-тармағына сәйкес мүшелік критерийлерін қанағаттандырады деген қорытындыға келді.

ENQA кеңесінің шешімі туралы ENQA Президентінің хаты https://www.enqa.eu/wp-content/uploads/Board-letter-membership-approved_ECAQA.pdf

ЕУРОПАЛЫҚ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САПАСЫН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ (The European Association for Quality Assurance in Higher Education (ENQA)) Болон декларациясы (1999) жоғары білім сапасын қамсыздандыру саласындағы Еуропалық елдердің ынтымақтастығын дамыту үшін Еуропалық жоғары білім сапасын қамсыздандыру желісі (The European Network for Quality Assurance in Higher Education-ENQA) 2000 жылы Еуропалық Кеңестің 1998 жылғы 24 қыркүйектегі ұсыныстарына сәйкес құрылды (98/561/EC September 24, 1998).

2004 жылдың қараша айында ENQA Бас Ассамблеясында Еуропалық жоғары білім сапасын қамсыздандыру желісін (ENQA) Еуропалық жоғары білім сапасын қамсыздандыру қауымдастығына (the European Association for Quality Assurance in Higher Education (ENQA)) қайта құру туралы шешім қабылданды.

Еуропалық жоғары білім беру сапасын қамсыздандыру қауымдастығы (ENQA) Болон декларациясына қол қойған елдердің жоғары білім беру сапасын қамсыздандыру агенттіктерімен ынтымақтастық үшін ашық.

ENQA қауымдастыққа мүшеліктің екі түрі бар: толық және серіктестік.

Жоғары білім беру сапасын қамсыздандыру бойынша Еуропалық жоғары білім беру сапасын қамсыздандыру қауымдастығының (the ENQA Full membership) толық құқықты мүшелері деп танылған жоғары білім беру сапасын қамсыздандыру бойынша агенттіктер жоғары білім беру сапасын қамсыздандыру бойынша Еуропалық тізілімге (the European Quality Assurance Register for Higher Education – EQAR) енгізіледі.

Жоғары білім беру сапасын қамсыздандыру бойынша агенттіктер осы қауымдастықтың 5 жылда бір рет жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігінде сапаны қамсыздандырудың Стандарттары мен нұсқаулық қағидаттарына (жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігінде (ESG) сапаны қамсыздандырудың Стандарттары мен нұсқаулық қағидаттары) сәйкестігіне міндетті түрде сыртқы бағалаудан өтуі тиіс.

ENQA сайтындағы ақпарат: http://www.enqa.eu/index.php/about-enqa/

2022 жылғы 30-31 мамыр - 1 маусым аралығында Алматы қаласында сапары өтті. Сараптау комиссиясының жұмысына шетелдік сарапшы Қазан мемлекеттік медицина университетінің офтальмология кафедрасының доценті...

2022 жылғы 23-25 мамырда Семей қаласында сапар өтті. Сараптау комиссиясының жұмысына шетелдік сарапшысы Рипп Евгений Германович, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент

2022 жылғы 15-17 маусым аралығында мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» Акционерлік Қоғамының «Педиатрия»...

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu