Біз туралы
-
Опубликовано: 12 Май 2017
Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы (АЕО) – колледждер, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен қосымша және бейресми білім беру ұйымдарының түлектерін оқыту және кәсіптік даярлау сапасын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік емес және коммерциялық емес ұйым.
ҰЛТТЫҚ ТАНУ
АЕО-ғы 14.03.2028 жылға дейінгі Республикалық Аккредиттеу Кеңесінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 1 - Тізілімге енгізілді және танылған аккредиттеу органы мәртебесіне ие болды (14.03.2023 ж. №2 хаттама) https://enic-kazakhstan.edu.kz/ru/accreditation/accredited_organizations (8 тармақ).
1-тізілім «Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына сәйкес 5 жыл мерзімге танылған аккредиттеу органдарын қамтиды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған.
https://enic-kazakhstan.edu.kz/ru/accreditation/accredited_organizations
АЕО тәуелсіз мәртебеге ие және өз іс-әрекеттері үшін дербес жауапты болады және ешқандай үшінші тараптар (білім беру ұйымдары, мемлекеттік органдар, министрліктер және басқа да мүдделі Тараптар) сыртқы сараптама комиссияларының есептеріндегі қорытындылар мен ұсынымдарға және білім және ғылым ұйымдары мен олардың білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі Аккредиттеу Кеңесінің шешімдеріне ықпал ете алмайды.
АЕО Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген білім берудің барлық деңгейлері бойынша институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарына айрықша авторлық құқықтардың иегері болып табылады (2017 жылғы 20 қарашадағы, 2017 жылғы 28 қарашадағы, 2018 жылғы 15 маусымдағы Авторлық құқық объектілеріне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік).
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАНУ
АЕО 2019 жылдан бастап DORA медициналық мектептерін аккредиттейтін ұйымдардың директориясына енгізілген(Directory of Organizations that Recognize / accredit Medical Schools https://www.faimer.org/resources/dora/kazakhstan.html халықаралық медициналық білім беруді зерттеу қоры (FAIMER), сондай-ақ АҚШ жоғары білім беруді аккредиттеу жөніндегі кеңесінің халықаралық сапа тобының халықаралық директориясына (Council for Higher Education Accreditation International Quality Group (CHEA/CIQG) International Directory) http://www.ecaqa.org/mezhdunarodnaya-deyatelnost/chlenstvo-v-mezhdunarodnykh-setyakh/406-chea-2
АЕО 2019 жылы халықаралық мойындалды және Азия-Тынық мұхиты білім сапасын қамтамасыз ету тізіліміне (APQR) енгізілген. ЕАО-ның сыртқы бағалауы 11 Чиба-ның сапаны қамтамасыз ету бойынша Азия-Тынық мұхит желісінің (APQN) қағидаттарына (Chiba Principles) және талаптарына сәйкестігіне жүргізілді https://www.apqr.co/register/view-as-a-list/eurasian-centre-for-accreditation-and-quality-assurance-in-higher-education-and-health-care-ecaqa
АЕО қарқынды дамып келеді және білім беру сапасын қамсыздандыру және аккредиттеу рәсімдері саласындағы ең үздік шетелдік тәжірибелерді өз қызметіне енгізеді, осы уақытқа дейін толық құқылы мүше мәртебесін қолдайды:
- 2027 жылға дейн Еуропалық жоғары білім беру сапасын қамсыздандыру қауымдастығы (ENQA) https://www.enqa.eu/membership-database/ecaqa-eurasian-сentre-for-accreditation-and-quality-assurance-in-higher-education-and-health-care/
- Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттіктерінің халықаралық желісінің (INQAAHE) мүшесі https://www.inqaahe.org/full-members-list?page=3
- Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің орталық және Шығыс Еуропалық желісінің мүшесі (CEENQA) https://www.ceenqa.org/ members/full-members/kazakhstan
- Азия-Тынық мұхиты сапа желісінің (APQN) мүшесі, https://www.apqn. org/members/directory, https://www.apqn.org/aqpn-members/list /alpha/e
- Жоғары білім беруді аккредиттеу жөніндегі кеңестің халықаралық сапа тобының мүшесі (CHEA) https://www.chea.org/search?search_api_fulltext=ECAQA, https://www.chea.org/ciqg-membership-list, https://www.chea.org/chea-ciqg-memorandum-of-affiliation
Молдова Республикасының Білім, мәдениет және зерттеулер Министрлігінен 06.04.2020 ж. № 04/1-07/2074 «Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы» Коммерциялық емес мекемесіне ресми хатымен Молдова Республикасында медициналық білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді өткізу құқығы берілген. |
|
Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы білім беру сапасын қадағалау бойынша мемлекеттік инспекцияның 15.04.2022 жылғы шығ. № 01-187 ресми хатымен, мемлекеттік басқарудың және білім беру сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың арнайы уәкілетті органы болып табылатын «Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы» Коммерциялық емес мекемесіне Өзбекстан Республикасының Білім беру мекемелерінің медициналық білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеуден өткізу бойынша өкілеттіктер берілді. |
|
Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы білім және ғылым саласындағы қадағалау агенттігінің 26.04.2022 жылғы № 06/94-1 ресми хатымен Тәжікстан Республикасының Білім беру мекемелері мен білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді жүргізуге «Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы» Коммерциялық емес мекемесіне келісімі берілді. |
АЕО халықаралық аккредиттеу агенттіктерімен, қауымдастықтармен және білім беру ұйымдарымен 16 меморандумға қол қойды және іске асырады (http://www.ecaqa.org/partnery):
- Жоғары білім беруді аккредиттеу жөніндегі кеңес/білім сапасы жөніндегі халықаралық топ, АҚШ (CHEA/CIQG) 2017 жылдан бастап https://www.chea.org/chea-ciqg-memorandum-of-affiliation
- NAAC бағалау және аккредиттеу жөніндегі Ұлттық Кеңес, Үндістан Республикасы, 06.03.2018 ж. бастап http://www.naac.gov.in/about-us/collaborations
- JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия, 15.05.2018 ж. бастап
- Армения Республикасының Ұлттық кәсіптік білім беру орталығының сапаны қамтамасыз ету қоры (ANQA), 10.03.2019 ж. http://www.anqa.am/en/search/?term=ECAQA, http://www.anqa.am/en/news-events/news/armenia-and-kazakhstan-will-cooperate-in-the-field-of-medical-education-quality-assurance/
- Ұлттық кәсіби-қоғамдық аккредиттеу орталығы (NCPA), Ресей Федерациясы, 9.04.2019 ж. бастап https://ncpa.ru/index.php?option=com_content&view=article&id= 118&Itemid=382&lang=ru
- "Русский Регистр" сертификаттау жөніндегі қауымдастығы (Russian Register), Ресей Федерациясы, 11.06.2019 ж. бастап https://rusregister.ru/news/russian-register-and-eurasian-accreditation-center-signed-memorandum-of-cooperation/
- Еуропаның медициналық мектептері қауымдастығы (AMSE), Германия, 02.10.2019 ж. бастап http://www.amse-med.eu/2019/10/17 /ecaqa-and-amse-sign-a-memorandum-of-understanding-mou/
- Білім беру сапасын қамтсыздандыру Еуропалық агенттігімен (European Quality Assurance Agency – EQAA), Германия, 16.10.2019 ж. бастап https://eqaa.eu/ru/about/agency/
- Білім беру бағдарламалары мен ұйымдарын аккредиттеу агенттігімен (ААОПО), Қырғыз Республикасы, 02.11.2019 ж. бастап http://www.aaopo.kg/index. php?option;
- Ұлттық аккредиттеу орталығы (Hungarian Accreditation Committee - HAC), Венгрия, 15.11.2019 ж. бастап https://www.mab.hu/en
- The National Agency for Quality Assurance in Education and Research (ANACEC), Republic of Moldova, с 17.03.2020 ж. https://www.anacec.md/
- Ресей Федерациясы, 17.11.2020 ж. бастап клиникалық мамандықтар бойынша 26 медициналық қауымдастықты біріктіретін сапа бойынша Медициналық қоғамдар қауымдастығы (АСМОК) https://asmok.ru/
- AppliedHE Pte Ltd Singapore, 30.11.2020 ж. https://appliedhe.com/
- «Украинаның денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Медицина және Фармация жоғары білімі бар мамандардың кәсіби құзыреттілігін тестілеу орталығы» Мемлекеттік ұйымы, 24.12.2020 ж.
- Сапаны қамсыздандырудыі Стратегиялық жоспарлау және Институционалдық зерттеулер бойынша халықаралық ұйым – QASPIR, желтоқсан 2021 ж. https://qaspir.com/
- Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы білім беру сапасын қадағалау бойынша мемлекеттік инспекциямен және Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық туралы келісімі (05.04.2020 ж. № 01-187).
БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ҚЫЗМЕТ
АЕО білім беру сапасын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасында да, елден тыс жерлерде де білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуді жүргізу жөніндегі халықаралық стандарттарды енгізу бойынша АЕО-ны басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының тануына сәйкес ұлттық/өңірлік деңгейде қызметін жүзеге асырады.
АЕО аккредиттеу процесі арқылы білім беру ұйымдарының сапасын қамтамасыз етуде және сыртқы бағалауда үздік тәжірибенің халықаралық қағидаттарын енгізу, сондай-ақ білім беру саласында зерттеулер жүргізу жолымен ұлттық және өңірлік деңгейде білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамытуға жәрдемдеседі.
Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы беретін аккредиттеу стандарттары, рәсімдері және аккредиттеу мәртебесі Халықаралық болып табылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, колледждерге аккредиттеу жүргізу кезінде АЕО стандарттар мен Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулық негізінде әзірленген аккредиттеу стандарттарын (ESG 2015) қолданады.
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын (колледждер, жоғары оқу орындары, ұлттық орталықтар, ғылыми орталықтар, академиялар, институттар) институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткізу кезінде МВА, бірлескен (Joint Degree Programme) және қашықтықтан оқыту бағдарламаларын қоса алғанда, АЕО базалық, дипломнан кейінгі медициналық білім беру сапасын жақсарту және дәрігерлердің үздіксіз кәсіби дамуы бойынша Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясының (ВФМО) халықаралық стандарттары негізінде әзірленген аккредиттеу стандарттарын қолданады (2015, 2016, 2020 жж.).
PhD докторантураның білім беру бағдарламаларын аккредиттеу халықаралық танылған ДМББФ стандарттарының, Еуропалық жүйеде (ORPHEUS) биомедицинада және клиникалық медицинада PhD бағдарламалары жөніндегі ұйымдардың және Еуропаның медициналық мектептері қауымдастығының (AMSE) негізінде әзірленген АЕО стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
АЕО оқу-симуляциялық орталықтарды аккредиттеуді жүргізеді. Оқу-симуляциялық орталықтарды аккредиттеу стандарттары қолданбалы медицинадағы симуляциялар бойынша еуропалық қоғамның (Society in Europe for Simulation Applied to Medicine/SESAM) талаптары негізінде әзірленді және сапаға кепілдік беру және симуляциялық технологиялар саласындағы озық халықаралық практика мен жетістіктер қағидаттарын енгізу, дамуға жәрдемдесу мақсатында енгізілді.
АЕО -ның БАЗАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ПРИНЦИПТЕРІ:
- конфиденциалды
- барлық мүдделі тараптардың тартылуы
- ынтымақтастық және серіктестік
- тиімділік
- объективтілік
- ашықтық
АЕО өзі аккредиттеген Білім және ғылым ұйымдары түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін мынадай жолдармен қамтамасыз етеді:
- АЕО - ның жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің халықаралық желісінің үздік практикасының басшылық қағидаттарына сәйкестігімен (the INQAAHE Guidelines of Good Practice / GGP);
- дүниежүзілік медициналық білім беру Федерациясының АЕО-ны тануымен;
- сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың (ENQA) халықаралық мойындауы және жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық тізілімге (EQAR) қосылуымен;
- ДМББФ-ның базалық медициналық білім беруді аккредиттеу жөніндегі басшылық қағидаттары негізінде білім беру сапасын қамтамасыз етудің ашық және сенімді ұлттық/өңірлік жүйесін құруымен;
- еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (ESG 2015) сапаны қамтамасыз етудің стандарттары мен нұсқаулықтарын, өңірлік деңгейде базалық және дипломнан кейінгі, үздіксіз медициналық білім беру сапасын жақсарту бойынша ДМББФ (WFME) халықаралық стандарттарын енгізуімен;
- өзара тиімді іс-қимыл жасау және барлық мүдделі тараптарды (мемлекеттік органдар, қоғам, академиялық және ғылыми жұртшылық, кәсіби қауымдастықтар, студенттік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар) білім беру ұйымдарының түлектерін аккредиттеу және даярлау сапасын жақсарту процесіне тартуымен.;
- құзыреттілік тәсіл негізінде аккредиттеу жөніндегі сарапшылардың әлеуетін дамытуымен;
- сапа бойынша жетекші халықаралық желілермен және шетелдік аккредиттеу агенттіктерімен тиімді стратегиялық серіктестікпен;
- білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық қауымдастықтар мен еуропалық желілердің іс-шаралары мен жобаларына қатысуымен;
- білім және ғылым ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі орталықтардың/бөлімдердің оқытушылары мен қызметкерлерінің әлеуетін консультациялық-әдіснамалық қолдау және дамытумен;
- аккредитацияланған медициналық білім беру ұйымдары мен олардың білім беру бағдарламаларын (базалық медициналық білім беру) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы/ДМББФ Дүниежүзілік директориясына және АҚШ халықаралық медициналық білім беру мен зерттеулерді қолдау қорына (FAIMER)қосуымен;
- 2024 жылға қарай шетелдік медициналық мектептердің білім беру бағдарламаларын аккредитациялауға "АҚШ-тың шетелдік медициналық мектептерінің түлектеріне арналған білім беру Комиссиясының" (The Educational Commission for Foreign Medical Graduates/ECFMG) талаптарын орындауымен.
АККРЕДИТТЕУДІ ӨТКІЗУГЕ ӨТІНІМДІ МЫНА СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ЖҮКТЕУГЕ БОЛАДЫ
Қаз. http://ecaqa.org/kz/akkreditteu/bilim-beru-jymyna-akkreditteudi-tkizuge-s-ranym
Орыс.http://ecaqa.org/akkreditatsiya/zayavka-na-provedenie-akkreditatsii-organizatsii-obrazovaniya
Ағылшын.: http://ecaqa.org/en/application-form-for-accreditation
Анықтама телефоны +7 701 329 1665, +7777 2893249
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.