Шағымдарды қарау тәртібі

Аккредиттелетін білім беру ұйымынан түскен шағымдарды қарастыру бойынша Комиссия құрылды және жұмыс жасайды
«Шағым» Институционалды және мамандандырылған аккредиттеуді өткізу барысында АЕО-ның қызметкерлерімен немесе ССК мүшелерімен атқарылған қызметтердің сапасымен байланысты бұзылған құқықты немесе заңдық мүдделерді қорғауға және қайта қалпына келтіру туралы субъектінің кемшілікті, талаптарды білдірген жағдайында жазылады. Егер сондай шешімдермен, қимылдармен шағым берушінің міндеті мен құқығы бұзылған болса, онда аккредиттеу органының сыртқы сарапшыларының және қызметкерлерінің кез-келген шешімдері, әрекеттер және әрекетсіздіктері шағымның объектісі болып табылады.
Егер білім беру ұйымы аккредиттеу агенттігімен көрсетіліп жатқан қызметке көңілі толмаса, онда сол білім беру ұйымына сапармен келген ССК-ның төрағасына немесе бақылаушысына хабар беруі керек. Егер білім беру ұйымы мәселені сол орында шеше алмаса, онда оның Комиссияға шағым жазуына құқы бар. Шағым , білім беру ұйымының бірінші басшысының немесе орынбасарының қолымен этикалық нормаларды сақтай отырып, еркін түрде беріледі. Комиссия шағымдарды қарастыру барысында коммерциялық құпияны және жеке мәліметтерді көрсететін ақпараттардың құпия болуын сақтайды.
  1. Комиссия АЕО-ның Бас директорының атына бағытталған білім беру ұйымының басшысымен қол қойылған арнайы бланкіде жазбаша түрде шағым берушінің шағымын қарастырады;
  2. Комиссия шағым түскеннен кейін 30 күн ішінде аккредиттеу агенттігінің Бас директорына шағым бойынша ұсыныстарды қамтыған шешімді ұсынады;
  3. Шағымдарды қарастыру аккредиттеу рәсімдерін қайта өткізудің негізі болып табылмайды.

Апелляциялық тәртібі

Апелляция бойынша Комиссия мүдделерді қорғаумен, кепілдемемен, медициналық білім беру ұйымдарының құқығын сақтаумен қамтамасыз ету, сонымен қатар аккредиттелетін білім беру ұйымдары тарапынан түскен апелляцияларды қарастыру мақсатында құрылды.
«Апелляция» білім беру ұйымының АЕО Аккредиттеу кеңесінің (АК) шешімімен және Сыртқы сарапшылық комиссиясының шешімімен келіспегені туралы дәлелді жазбаша мәлімдеме болып табылады.                            
Апелляция Аккредиттеу кеңесінің қабылдаған шешімі туралы жазбаша хабарламаны білім беру ұйымының алған кезінен бастап 7 жұмыс күнінде беріледі Апелляцияны қарастыру білім беру ұйымына институционалды немесе мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерін қайта өткізудің негізі болып табылмайды. Комиссия мәлімдемені қарастырудың нәтижесі бойынша Аккредиттеу кеңесіне жаңа шешім шығаруға ұсыныс жасауға құқылы.
  1. Апелляция бойынша Комиссия апелляцияны қабылдағаннан кейін 30 күн ішінде Аккредиттеу кеңесіне (АК) апелляция бойынша ұсыныстарды қамтыған шешімді қабылдайды;
  2. АК шешім қабылдағаннан кейін 14 күнтізбелік күн ішінде АК шешімі жазбаша түрде мәлімдемешіні хабардар етеді;
  3. ҚР заңдарына сәйкес мәлімдемеші АК және Комиссиямен қабылданған шешімге байланысты сотқа шағымдануына болады.

Апелляция қайталанып жүргізілмейді. Апелляция нәтижелері бойынша шағымдар қарастырылмайды.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)