Резидентура мен магистратура білім беру бағдарламаларының АЕО аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі бағаланды. Комиссия төрағасы - Жаналина Б.С., медицина ғылымдарының докторы, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КеАҚ хирургия және балалар стоматологиясы кафедрасының профессоры.
Халықаралық комиссия құрамында екі шетелдік сарапшы: Насыров Руслан Абдуллаевич, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау Министрлігінің Санкт-Петербург мемлекеттік педиатриялық медициналық университетінің патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі; Тройнич Яна Николаевна, Армян-Ресей Халықаралық Университеті «Мхитар Гош» оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры.