Колледжге институционалды сыртқы бағалау және 8 білім беру бағдарламасының, оның ішінде бірегей мамандықтар бойынша бағдарламалардың бағалануы жүргізілді: 09140200 – «Медициналық оптика» біліктілігі 4S09140202 – «Оптикометрист» және 07140600 – Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу біліктілігі 4S07140603 – Техник-электроник.
Халықаралық комиссия құрамында: Ахмадзода Мансур Ахмад, медицина ғылымдарының кандидаты, Душанбе қаласындағы «Республикалық медициналық колледж» мемлекеттік білім беру мекемесінің «Стоматологиялық іс» кафедрасының меңгерушісі.
Сараптау комиссиясы Қазақстан колледждерінің оқытушыларымен ұсынылды, оның ішінде: Абай облысы ДСБ «Д. Қалматаев Атындағы Мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК, Талдықорған жоғары медицина колледжі, Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Қостанай жоғары медициналық колледжі, Қазақстан-Ресей жоғары медициналық колледжі, Жоғары медициналық колледж «Интердент», Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының жоғары медициналық колледжі, Алматы қаласындағы «Эмили» жоғары медициналық колледжі, "Құрмет белгісі" орденді көз аурулары Қазақ ғылыми-зерттеу институты" ЖШС, Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ робототехника және автоматиканың техникалық құралдары кафедрасы.