Andrey
2019 жылдың наурыз айында Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы мен Армения Республикасының Ұлттық кәсіптік білім беру орталығының сапасын қамтамасыз ету Қоры арасында ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды (http://www.anqa.am/en).
2008 жылы Армения Республикасының Үкіметі ANQA тәуелсіз ұйым ретінде құрған. ANQA бастауыш, кәсіби және жоғары оқу орындарында институционалдық және бағдарламалық аккредиттеуді жүргізеді.
ЖШС «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРОГРЕССИВТІ АКАДЕМИЯ» ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНА СЫРТҚЫ САРАПТАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЛУІ
2019 жылдың 18-19 наурызында АЕО сыртқы сараптау комиссиясы институционалдық аккредиттеу шеңберінде қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРОГРЕССИВТІ АКАДЕМИЯ" ЖШС-не сапары болды.
2019 жылдың 22-23 ақпанында АЕО сыртқы сарапшылық комиссиясы (ССК) институционалдық аккредиттеу аясында қосымша білім беру бағдарламаларын (біліктілікті арттыру, қысқа мерзімді оқыту, мастер-класстар) жүзеге асыратын ЖК «INSPECTION»-ге сапары болды. ССК құрамында: Комиссия төрағасы АҚ «Ұлттық медициналық университеті», № 3 балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Ш.Х. Рамазанова болды.
«Қазақстан Республикасында мейірбикелік білім беруді жетілдіру және сапасын қамтамасыз ету» Семинары
2019 жылдың 26 қаңтарында Қазақстанның медициналық колледждер Одағымен ынтымақтастық туралы меморандум аясында Республикалық жоғары медициналық колледжінде АЕО «Қазақстан Республикасында мейірбикелік білім беруді жетілдіру және сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізді. Қатысушылар 19 оқытушылар және қызметкерлер 31 медициналық колледждер, Қазақстан Республикасының Жоғарғы медициналық колледждері болды.
СЫРТҚЫ САРАПШЫЛАР КОМИССИЯСЫНЫҢ АҚ «ҚАЗАҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ УНИВЕРСИТЕТІНЕ» (ҚазМҮББУ) КЕЛУІ
2019 жылдың 6-7 ақпанында АЕО сыртқы сарапшылық комиссиясы (ССК) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу шеңберінде «жалпы медицина», «стоматология», «қоғамдық денсаулық сақтау» және «фармация» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларының сырттай бағалау жүргізу үшін ҚазМҮББУ-де сапарда болды.
2019 жылдың 12-13 ақпанында АЕО сыртқы сарапшылық комиссиясы (ССК) институционалдық аккредиттеу аясында қосымша білім беру бағдарламаларын және симуляциялық тренингтерді жүзеге асыратын «Астана» Оқу-клиникалық орталығында (ОКО) сапарда болды. ССК төрағасы «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің академиялық және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, м.ғ.к., PhD, профессор Е.С. Утеулиев болды.