2019 жылдың наурыз айында Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы мен Армения Республикасының Ұлттық кәсіптік білім беру орталығының сапасын қамтамасыз ету Қоры арасында ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды (http://www.anqa.am/en).
2008 жылы Армения Республикасының Үкіметі ANQA тәуелсіз ұйым ретінде құрған. ANQA бастауыш, кәсіби және жоғары оқу орындарында институционалдық және бағдарламалық аккредиттеуді жүргізеді.