2019 жылдың 12-13 ақпанында АЕО сыртқы сарапшылық комиссиясы (ССК) институционалдық аккредиттеу аясында қосымша білім беру бағдарламаларын және симуляциялық тренингтерді жүзеге асыратын «Астана» Оқу-клиникалық орталығында (ОКО) сапарда болды. ССК төрағасы «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің академиялық және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, м.ғ.к., PhD, профессор Е.С. Утеулиев болды.
Шетел сарапшысы ретінде Бірінші Санкт-Петербург Мемлекеттік Медицина Университеті дипломнан кейінгі білім берудің нефрология және диализ кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Ашот Мовсесович Есаян болды. Комиссия құрамында Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Тәжірибелік дағдылар орталығының директоры м.ғ.к. К.С. Кемелова, Қазақстан Республикасы Президентінің істерін басқару басқармасы Медициналық орталығының Ауруханаларды үздіксіз кәсіби дамыту бөлімінің бастығы М.А.Калиева, Астана қаласы №1 Қалалық емханасының бас дәрігерінің орынбасары Н.С.Аубакирова жұмыс жасады.