enqa

Rate this item
(0 votes)
enqa

1. Еуропалық жоғары білім беру Сапасын Қамсыздандыру Қауымдастығы Кеңесінің (ENQA) 2022 жылғы 22 маусымдағы шешімімен Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығының ENQA-ға 5 жыл мерзімге толық құқылы мүшелігі расталды. https://www.enqa.eu/review-database/external-review-of-ecaqa/

Жоғары білім берудегі сапа кепілдігінің Еуропалық қауымдастығы (The European Association for Quality Assurance in Higher Education-ENQA) Еуропалық кеңестің 1998 жылғы 24 қыркүйектегі ұсынымы негізінде Хельсинкиде «Жоғары білім берудің сапа кепілдігінің Еуропалық желісі» (European Network for Quality Assurance in Higher Education) атты Болон келісіміне қатысушы елдермен құрылды. 2004 ж. Қарашада Франкфуртте (Германия) желінің Бас Ассамблеясы желіні жоғары білім беру саласындағы сапа кепілдігі Еуропалық қауымдастығына (The European Network for Quality Assurance in Higher Education – ENQA) қайта атау туралы шешім қабылдады. Ұйымға мүшелік Болон декларациясына қол қойған елдердің сапа кепілдігі агенттіктері үшін ашық. Қазіргі уақытта ENQA құрамында 23 елден 47 Агенттік пен ұйым бар (Болон декларациясына 45 ел қол қойған). ENQA мүшеліктің екі түріне ие: толық және үміткер мәртебесіне мүшелік.

2000 жылғы наурызда желінің Бас Ассамблеясы нормативтік актілер мен іс-қимыл жоспарын қабылдады. Осы сәттен бастап ENQA желісі Болон процесі шеңберінде жоғары білім беру сапасын қамсыздандыру бойынша жұмысты үйлестіретін негізгі ұйымға айналды.

ENQA миссиясы: қауымдастық сапа кепілдігі үдерісіне тартылған барлық мүдделі тұлғалар үшін жоғары білім сапасының кепілдігі саласындағы еуропалық ынтымақтастыққа жәрдемдесу үшін құрылған.

Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (ESG) сапаны қамсыздандыру стандарттары мен нұсқаулықтарын білім министрлері 2005 жылы Еуропалық студенттер одағымен (ESU), Еуропалық жоғары оқу орындарының қауымдастығымен (EURASHE) және Еуропалық университеттер қауымдастығымен (EUA) ынтымақтастықта Еуропалық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету қауымдастығы (ENQA) дайындаған ұсыныс бойынша қабылдады.

2005 жылдан бастап сапаны қамсыздандыру саласында, сондай-ақ Болон процесі қызметінің басқа да бағыттары бойынша елеулі прогреске қол жеткізілді.

2012 жылы контексттің өзгеруіне байланысты Министрлер коммюникесі E4 тобын (ENQA, ESU, EUA, EURASHE) халықаралық білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып, Бизнес Еуропа және Еуропалық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету реестрі (EQAR) қайта қаралған ESG «олардың анықтығын, қолданылуын және пайдалылығын, оның ішінде қолдану саласын жақсарту мақсатында» жобасын дайындауға шақырды.

ESG жаңа редакциясының дамуы негізгі мүдделі ұйымдар мен министрліктердің қатысуымен бірнеше раундтық консультацияларды қамтыды. Барлық алынған түсініктемелер, ұсыныстар мен ұсынымдар мұқият талданып, басқарушы топ (БТ) назарға алды. Олар ЖБЕК-де (ESG) сапаны қамтамасыз ету үшін стандарттар мен нұсқаулықтардың соңғы нұсқасында көрсетілген. ESG жаңа стандарттары 2015 жылы Ереванда (Армения) жоғары білім министрлерінің конференциясында қабылданды.

Жаңа ESG 2015 түпнұсқа құжаты, оның бейресми аудармалары және қосымша ақпарат сілтеме арқылы қол жетімді https://www.enqa.eu/esg-standards-and-guidelines-for-quality-assurance-in-the-european-higher-education-area/ веб-сайте ENQA.

Бұл білім беру ұйымдарына не береді:

  • Халықаралық институционалдық және/немесе мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу мәртебесі.
  • Білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларының жоғары сапасын тану.
  • Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру кезінде әріптес ЖОО таңдауға ықпалы.

Leave a comment

Make sure you enter the (*) required information where indicated. HTML code is not allowed.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu