ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ АККРЕДИТТЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТІЗІЛІМІН (№2 ТІЗІЛІМІ) ЖӘНЕ АККРЕДИТТЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ (№3 ТІЗІЛІМІ) ТІЗІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ РӘСІМІ.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 1 қарашасында шығарған №629 «Аккредиттелген органдарды мойындау, соның ішінде шетелдік және мойындалған аккредиттеуші органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру туралы» бұйрығына сәйкес келесідегідей талаптар анықталған:

  1. Аккредиттеуші орган білім беру ұйымын аккредиттеу бойынша шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға аккредиттелген білім беру ұйымын берілген Ереженің 3-ші қосымшасына сәйкес №2 тізілімге енгізу үшін ақпараттарды (аккредиттеу туралы куәлік) береді және аккредиттеуші органның ғаламтор-ресурсына оны орналастырады. Уәкілетті орган* үш жұмыс күні ішінде аккредиттелген білім беру ұйымдарын №2 Тізілімге кіргізеді.
  2. Аккредиттеуші орган білім беру бағдарламаларын аккредиттеу бойынша шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға аккредиттелген білім беру ұйымын берілген Ереженің 4-ші қосымшасына сәйкес №3 тізілімге енгізу үшін ақпараттарды (аккредиттеу туралы куәлік) береді және аккредиттеуші органның ғаламтор-ресурсына оны орналастырады. Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде аккредиттелген білім беру бағдарламаларын №3 Тізілімге кіргізеді.
  3. Жылсайын аккредиттеуші органдар жылдың 1-ші шілдесіне дейін келесі есебіне дейін уәкілетті органға берілген Ереженің №5 қосымшасына сәйкес откен кезең бойынша білім беру ұйымдарына аккредиттеуді және білім беру бағдарламаларына аккредиттеуді өткізу туралы ақпараттар береді.
  4. Аккредиттеуді өткізу нәтижелері бойынша аккредиттеуші орган білім беру ұйымдарының қызметтерінен анықталған жүйелік кемшіліктерді (бар болған жағдайда) жою бойынша ұсыныстардың көшірмесін уәкілетті органға бағыттайды. Уәкілетті орган * - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)