МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН АККРЕДИТТЕУ

Білім беру ұйымдарын аккредиттеу – сапасы туралы объективті ақпараттарды беру және оларды жоғарылатудың тиімді механизмдерінің бар екенін растау мақсатында білім беру қызметтерінің бекітілген аккредиттеу стандарттарына (тәртіптеріне) сәйкестігін аккредиттеуші органмен мойындау рәсімі;

Халықаралық аккредиттеу – білім беру ұйымын немесе бөлек кәсіби білім беру бағдарламаларын мойындалған шетелдік аккредиттеу органында аккредиттеуден өткізу;

Ұлттық аккредиттеу - білім беру ұйымын немесе білім беру бағдарламаларын ұлттық аккредиттеу органдарында ұлттық аккредиттеуден өткізу;

Институционалды аккредиттеу – мәлімделген мәртебеге сәйес білім беру бағдарламаларын сапалы көрсету бойынша білім беру ұйымдарының қызметтерін бағалау;

Мамандандырылған аккредиттеу – білім беру ұйымымен жүзеге асатын бөлек білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;

Аккредиттеудің стандарттары (тәртіптері) – аккредиттеу рәсіміне талаптарды бекітетін аккредиттеуші органның құжаттары.

Аккредиттеу органдарын, соның ішінде шетелдік, мойындалған аккредиттеу органдарын мойындау, білім беруді және білім беру бағдарламаларын аккредиттеудің мойындалған ұйымдарының тізілімін қалыптастырудың ережелері. Қазақстан Республикасының Біім және ғылым Министрінің 2016 жылдың 1 қарашасында шығарған №629 бұйрығы.

Базалық медициналық білім беруді аккредиттеу бойынша ДСБҰ/МБББФ Басшылық қағидаттарының негізгі нұсқаулықтары медициналық білім беру үшін ерекше стандарттарды қолдану, аккредиттеудің сенімді әрі шынайы жүйесін құру, аккредиттеу рәсіміне барлық қызығушылық танытқан тараптарды тарту болып табылады.

World Federation for Medical Education. Basic Medical Education WFME Global Standards for Quality Improvement. WFME Office, The 2015 Revision.

Қазақстан Республикасында медициналық білім беру ұйымдарын институционалды аккредиттеу стандарттарын енгізу және базалық медициналық білім берудің сапасын жақсарту бойынша ДСБҰ Халықаралық стандарттарын бейімдеу ДСБҰ/МБББФ қолдауының барысында басталды.

2009 жылы МБРР және медициналық білім беру реформасы бойынша ҚР ДС-тың инвестициялық жобасының

Мемлекеттік аттестациялаудан толығымен аккредиттеуге өту 2017 жылдан бастап жүзеге асырылады.

Бұл ішкі сапамен қамту, сонымен қатар сыртқы сапамен қамту секілді білім беруді сапамен қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құруды қарастырады. Ішкі сапамен қамтамасыз етуді бағалау механизмдері өңделеді және тиімді қызмет жасауға ЖОО-ның жауапкершілігі артылатын болады.

Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасының Президентінің 2016 жылдың 1 наурызында шығарған №205 жарлығы (60 бет).

Үздік халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары (2018 жылға), техникалық және кәсіби, ЖОО-дан кейінгі (2020 жылға) медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарына және білім беру бағдарламаларына аккредиттеу жүргізілетін болады.









Қазақстан Республикасының «Денсаулық» атты денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасының Президентінің 2016 жылдың 15 қаңтарында шығарған №176 жарлығы (5.5.2 бөлімі, Медициналық білім беруді жаңарту).

Еуропалық аймақтарда білім беруді сапамен қамтамасыз етудің негізі аккредиттеу тәжірибесінде Еуропалық кеңістіктегі жоғары оқу орындарын сапамен қамтамасыз ету (ESG) үшін басшылықтар мен стандарттарды қолдану болып табылады. Бұл құжат Студенттердің Еуропалық қоғамымен (ESU), ЖОО-ның Еуропалық ассоциациясымен (EURASHE), Университеттердің Еуропалық ассоциациясымен (EUA) серіктесе отырып Білім беруді сапамен қамтамасыз ету бойынша Еуропалық ассоциациясымен (ENQA) өңделді және 2005 ж. Еуропа елдерінің білім Министрлерімен қабылданды.

Еуропа кеңістігіндегі жоғары оқу орындарын сапамен қамтамасыз ету үшін басшылықтар мен стандарттардың негізгі мақсаты барлық елдерде және қызығушылық танытқан тараптардың арасында білім беруді сапамен қамтамасыз ету түсінігін жалпы түсіндіруге ықпал жасау болып табылады. ЖОО-лар мен сапамен қамтамасыз ететін агенттіктер ESG-ді жоғары оқу орнында сапамен қамтамасыз етудің сыртқы және ішкі жүйесі ретінде қолданады.

Standards and Guidelines for Quality Assurance in the European Higher Education Area (ESG). (2015). Brussels, Belgium.

Еуропа кеңістігінде жоғары білім берудің сапасын кепілдендіру үшін нұсқаулықтар және стандарттар (ESG)

PhD докторантураның білім беру бағдарламаларын сапамен қамтамасыз ету Білім берудің Еуропалық жүйесіндегі (ORPHEUS) Биомедицинада және денсаулық туралы ғылымдардағы (клиникалық ғылымдарда) PhD бағдарламаларының ұйымдарының аккредиттеу стандарттарымен жүзеге асады.

ORPHEUS 2009 position paper: Towards Standards for PhD Education in Biomedicine and Health Sciences. 2009. www.orpheus 2009.org/ and ORPHEUS

www.orpheus-med.org.

1 бап. Аккредиттеу бойынша орган – конкурстық негізде анықталатын, аккредиттеу бойынша қызметтерді атқаратын және аккредиттеу бойынша халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылатын заңды тұлға.

Аккредиттеу бойынша сарапшылар – тәртіппен аттестатталған, аккредиттеу бойынша органмен анықталған жеке тұлға.

3 бап. Аккредиттеудің қағидаттары болып табылды:

  1. еріктілік;
  2. аккредиттеу рәсімдері, көрсеткіштері туралы ақпараттардың қол жетімділігі;
  3. сәйкестігін бағалау аясында аккредиттеу бойынша қызметтердің шынайылығы;
  4. кемсітушілікті болдырмау;
  5. құзыреттілік;
  6. аккредиттеу жүйесінің бірыңғайлығы және толықтығы;
  7. тәуелсіздік;
  8. аккредиттеу бойынша қызметті сәйкестікке бағалау бойынша қызметпен біріктіруін болдырмау;
  9. аккредиттеу барысында халықаралық (аймақтық) ұйымдардың стандарттарын қолдану ерекшелігі.

2008 жылдың 5 шілдесіндегі №61-IV «Сәйкестікке бағалау аясындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңы (29.03.2016 жылға өзгерістер мен қосымшалармен.).

Аккредиттеу органы өзінің аккредиттеу стандарттарына (тәртіптеріне) сәйкес институционалды немесе мамандандырылған аккредиттеуді жүргізеді.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2-ші тарауы, Білім беру жүйесін басқару (9-1 бабы), 3-ші бөлім.

Білім беру ұйымдары уәкілетті органдардың тізіліміне кірген аккредиттеу органдарында ұлттық және халықаралық институционалды, мамандандырылған аккредиттеуден өтуге құқығы бар.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2-ші тарауы, Білім беру жүйесін басқару (9-1 бабы), 5-ші бөлім.

Мойындалған аккредиттеу органдарының тізілімі (1 тізілім) – білім беруді сапамен қамтамасыз ету бойынша халықаралық еуропалық желілердің толық құқылы мүшесі болып табылатын, Қазақстан Республикасының аймағында институционалды және мамандандырылған аккредиттеуді жүргізу үшін уәкілетті органмен мойындалған Аккредиттеу органдарының тізімі.

Аккредиттеу органдарын, соның ішінде шетелдік, мойындалған аккредиттеу органдарын мойындау, білім беруді және білім беру бағдарламаларын аккредиттеудің мойындалған ұйымдарының тізілімін қалыптастырудың ережелері. Қазақстан Республикасының Біім және ғылым Министрінің 2016 жылдың 1 қарашасында шығарған №629 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылдың 19 қарашасында №14438 тіркелген.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі өзінің бір міндетінде (2 тарау, 8 бөлім) аккредиттеу органдарын мойындаудың тәртібі мен талаптарын бекіту, соның ішінде шетелдік, және мойындалған аккредиттеу органдарының, білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру етіп анықтаған.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі туралы нұсқаулық.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылдың 28 қазанындағы №1111 Қаулысы (2016 жылдың 27 тамызындағы өзгерістермен)

Аккредиттелген білім беру ұйымдары – бекітілген аккредиттеу стандарттарына (тәртіптеріне) білім беру қызметтерінің сәйкестігін аккредиттеу органымен мойындау рәсімінен өткен білім беру ұйымдары;

Аккредиттелген білім беру бағдарламалары – бекітілген аккредиттеу стандарттарына (тәртіптеріне) мазмұндарының және бағыттарының (тағайындалуының) сәйкестігін аккредиттеу органымен мойындау рәсімінен өткен білім беру бағдарламалары (мамандық);

Аккредиттеу органы аккредиттеу рәсімінің нәтижелері бойынша білім беру ұйымының қызметіндегі анықталған жүйелік кемшіліктерді (бар болған жағдайда) жою бойынша ұсыныстардың көшірмесін уәкілетті органға бағыттайды.

Білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өткені туралы шешімді қабылдағаннан кейін Аккредиттеу органы 30 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға аккредиттелген білім беру ұйымын №2 Тізілімге кіргізу үшін ақпаратты (аккредиттеу туралы куәлік) береді және оны аккредиттеу органының ғаламтор-ресурсына орналастырады.

Аккредиттеу органдарын, соның ішінде шетелдік, мойындалған аккредиттеу органдарын мойындау, білім беруді және білім беру бағдарламаларын аккредиттеудің мойындалған ұйымдарының тізілімін қалыптастырудың ережелері. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2016 жылдың 1 қарашасында шығарған №629 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылдың 19 қарашасында №14438 тіркелген.

Аккредиттеу органдарына – стандарттарды (тәртіптерді) өңдейтін және өзі өңдеген стандарттардың (тәртіптердің) негізінде аккредиттеуді жүргізетін заңды тұлға.

Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген ұйымдардың және білім беру бағдарламаларының Ұлттық тізілімін құру туралы.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2011 жылдың 30 желтоқсанында шығарған №556 бұйрығы (2014 жылдың 4 шілдесіндегі өзгерістермен және қосымшалармен).

Денсаулық сақтау аясында мамандандырылған аккредиттеу органымен аккредиттеуді өткізу ДСБҰ/МБББФ Басшылық қағидаттарын негізге алады, атап айтқанда:

  1. Медициналық білім берудің ұлттық жүйесін еуропалық қағидаттарға бейімдеу;
  2. Медициналық білім беруді сапамен қамтамасыз етудің сенімді жүйесін құру;
  3. Аккредиттеу бойынша ұлттық стандарттардың халықаралық талаптарға және нұсқаулықтарға сәйкестігі;
  4. Нақты бір ел бойынша аккредиттеу жүйесі туралы ақпараттарды және медициналық ЖОО-ны және оның білім беру бағдарламаларын халықаралық мойындауға әкелетін бөлек медициналық ЖОО-ның аккредиттелушілік мәртебесі туралы ақпараттарды Бүкіләлемдік мәліметтер базасына енгізу.

Базалық медициналық білім беру ұйымдарын аккредиттеу бойынша ДСБҰ/МБББФ Басшылық қағидаттары, Женева, Копенгаген, 2005

Медициналық білім беруді сапамен қамтамасыз етуді жақсарту бойынша МБББФ Халықаралық стандарттарына еуропалық сипаттамалау ДСБҰ-мен және Еуропалық Қоғамның Комиссиясымен мақұлданған және медициналық білім беруді сапамен қамтамасыз етудің жүйесін құру үшін медициналық білім беруді аккредиттеу аясында ұлттық органдардың қолдануына ұсынылған.

World Federation for Medical Education. Basic Medical Education WFME Global Standards for Quality Improvement. WFME Office, The 2015 Revision.

Аккредиттелген органдардың, білім беру ұйымдардың және білім беру бағдарламалардың тізіліміне кіргізілген аккредиттеуші органдарында институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары аккредиттелген білім бағдарламалары (мамандықтар) бойынша, аккредиттелу мерзіміне, бірақ 5 жылдан кем емес, мемлекеттік аттестаттаудан босатылады. Аккредиттелген медициналық білім беру ұйымдарын және «Жалпы медицина» (базалық медициналық білім беру) мамандығы бойыша олардың білім беру бағдарламаларын



Медициналық Мектептердің Бүкіләлемдік Директориясына (МБББФ/ FAIMER) кіргізу.



http://www.wdoms.org/

The World Directory of Medical Schools has been developed through a partnership between the World Federation for Medical Education (WFME) and the Foundation for Advancement of International Medical Education and Research (FAIMER).

The World Directory provides a comprehensive compilation of the information previously contained in the IMED and Avicenna directories.

2023 жылы халықаралық түлектерге АҚШ медициналық мектептері немесе МБББФ халықаралық стандарттары үшін Медициналық білім берудегі байланыстар бойынша Комитетпен (The Liaison Committee on Medical Education/LCME) бекітілген стандарттар мен көрсеткіштер бойынша аккредиттелген медициналық мектептерде оқуларын бітіру талабы қойылады.

АҚШ-тың шетелдік медицина мектептерінің түлектеріне білім бойынша Комиссияның мәлімдемесі және саясаты (The Educational Commission for Foreign Medical Graduates - ECFMG) https://www.lcme.org

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu