2026 жылғы 1-3 сәуірде Сыртқы сараптау комиссиясы «Республикалық Жоғары медициналық колледж» ЖШС-де медициналық колледждерді институционалдық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалау және «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасын қоса алғанда, білім беру бағдарламаларын бағалау үшін болды.
«Интердент» жоғары медициналық колледжінің директоры, п.ғ.к., ҚР білім беру және денсаулық сақтау саласының құрметті қызметкері аталған Г.Т. Тоқбергенованың төрағалық етуімен өткен халықаралық комиссия құрамында - шетелдік сарапшы Патрис Лумумба атындағы Ресей халық достығы университеті медициналық институтының мейіргерлік қызметті басқару кафедрасының аға оқытушысы, «Мейіргерлік іс» даярлау бағыты бойынша директордың орынбасары, Жоғары мейіргерлік білімді мамандар қауымдастығы Бас кеңесінің мүшесі Н.Г. Косцова (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы) қатысты.
Сараптау комиссиясының құрамына Қазақстанның жоғары медициналық колледждерінің оқытушылары, студент, практикалық денсаулық сақтау саласының өкілі қатысты. РЖМК - қолданбалы бакалаврларды қоса алғанда, 9 біліктілік бойынша орта медициналық кадрларды даярлайтын және біліктілікті арттыру бағдарламаларын жүргізетін Қазақстандағы ең көне медициналық колледждердің бірі. Колледж базасында «Қазақстанның медициналық колледждер одағы» және «Денсаулық сақтау» бейіні бойынша Республикалық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу - әдістемелік кеңесі құрылып, белсенді жұмыс істеуде.






