2026 жылғы 25–27 наурыз аралығында Сыртқы сараптау комиссиясы «Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі» ЖШС-не медициналық колледждерді институционалдық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалау, сондай-ақ «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасын қоса алғанда, білім беру бағдарламаларын бағалау мақсатында сапар жасады.
Халықаралық комиссияға төрағалық еткен – Естемесова К.А., б.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Қарағанды медицина университетінің құзыреттер әдістемелік орталығының басшысы. Комиссия құрамында харықаралық сарапшы – Мунтян И.А., м.ғ.к., Самара мемлекеттік медицина университетінің Мейіргерлік білім беру институты директорының орынбасары, мейіргер ісі кафедрасының доценті, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Орталық аттестациялық комиссиясының Орта медициналық білім мамандықтары бойынша сараптамалық тобының жауапты хатшысы (Еділ федералдық округі) болды.
Сараптау комиссиясының құрамында Қазақстанның жоғары медициналық колледждерінің оқытушылары, студент және практикалық денсаулық сақтау саласының өкілі қатысты. «Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі» ЖШС қайта аккредиттеу рәсімінен өтіп, аккредиттеудің базалық стандарттарына сәйкестігін көрсетті. Аккредиттеу бойынша қорытынды шешім АЕО Аккредиттеу кеңесі тарапынан қабылданатын болады.






