2025 жылдың 25-27 қарашасында Әндіжан мемлекеттік медициналық институтының мамандандырылған аккредитациясы аясында сыртқы сараптама комиссиясының сапары

2025 жылғы 25–27 қараша аралығында халықаралық сыртқы сарапшылық комиссияның сапары өтті. Комиссия төрағасы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ-ның ғылым жөніндегі кеңесшісі Курманова Алмагуль Медеубаевна.

Комиссия жұмысына халықаралық сарапшы – Дебрецен университетінің неврология кафедрасының профессоры, Венгрия Ғылым академиясының мүшесі, «Нейросонология (Жапония)» және «Clinical Neurosciences» журналдарының редакциялық алқасының мүшесі, Frontiers in Stroke журналының ассосацияланған редакторы, ғылыми жетістіктері үшін Венгрия Республикасының Сечени Президенттік сыйлығының иегері профессор Ласло Чиба (Laszlo Csiba) қатысты. Комиссия құрамына Қазақстан мен Өзбекстаннан академиялық сарапшылар, Қазақстан мен Өзбекстаннан резидент/магистрант-сарапшылар және жұмыс беруші-сарапшы кірді. Сарапшылар магистратураның бес клиникалық білім беру бағдарламасына сыртқы бағалау жүргізді.

Бағалау Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы әзірлеген, 2023 жылы жаңартылған Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының (ДМБФ) резидентура бағдарламалары сапасын жақсарту жөніндегі халықаралық стандарттары негізіндегі дипломнан кейінгі білім беру бағдарламаларын аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілді.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)