2024 ЖЫЛДЫҢ 16-18 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА АБУ АЛИ ИБН СИНО АТЫНДАҒЫ БУХАРА МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ АЯСЫНДА СЫРТҚЫ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Халықаралық сараптамалық комиссия Абу Али Ибн Сино атындағы Бухара мемлекеттік медициналық институтының бакалавриаттың «Емдеу ісі» мамандығы бойынша өзбек және орыс тілінде, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша ағылшын тілінде және «Стоматология» білім беру бағдарламаларын сыртқы бағалаудан өткізді.

Комиссия құрамында: Төраға Рустам Юсупов, медицина ғылымдарының кандидаты, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология және вирусология кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Халықаралық сарапшы Ласло Чиба, Дебрецен университетінің неврология кафедрасының профессоры, Венгрия ғылым академиясының мүшесі. Еуропалық нейросонология және церебральді гемодинамика қоғамының президенті (2009–2013). Венгрия нейросонология қоғамының негізін қалаушысы.

Австрия инсультты зерттеу қоғамының құрметті мүшесі. Венгрия Республикасы Президентінің марапаттары: Венгрия Республикасының рыцарьлық кресті және Сечени сыйлығы – ғылыми жетістіктері үшін берілетін ең жоғары венгриялық марапаттар иесі.

Академиялық сарапшылар: Мамараджабов Собиржон, медицина ғылымдарының докторы, Самарқанд мемлекеттік медициналық университетінің халықаралық білім беру факультетінің деканы, педиатрия факультетінің хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, Самарқанд қ.; Шокиров Шохрух, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер, Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының балалар жақ-бет хирургиясы кафедрасының доценті, Ташкент қ.; Курманова Алмагул, медицина ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жоғары медицина мектебінің клиникалық пәндер кафедрасының профессоры;

Алмабаева Айгул, медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, «Астана медицина университеті» КЕАҚ адам анатомиясы кафедрасының меңгерушісі;

Баскакова Ирина, медицина ғылымдарының кандидаты, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терапиялық стоматология кафедрасының доценті.

Жұмыс беруші сарапшысы: Саттарова Дилором, «Саломатлик маскани» клиникасының бас дәрігері, жоғары санатты стоматолог-дәрігер, Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясының мүшесі.

Студент сарапшылары: Насимова Мадина, «Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенті, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББМ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы; Ханхильдиев Далер, «Стоматология» мамандығының 2-курс студенті, Ташкент педиатриялық медициналық институты, Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)