2024 ЖЫЛДЫҢ 24-26 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ АНДИЖАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ АЯСЫНДА СЫРТҚЫ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Халықаралық сараптамалық комиссия Андижан мемлекеттік медициналық институтының бакалавриаттың «Емдеу ісі» мамандығы бойынша өзбек және орыс тілінде, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша ағылшын тілінде және «Стоматология» білім беру бағдарламаларын сыртқы бағалаудан өткізді. Комиссия құрамында: Төраға Альфия Шамсутдинова, MD, MSc, BA, Fogarty Fellow, Ғылым департаментінің басшысы, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің Б. Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары.

Халықаралық сарапшы Лейла Ахвледиани, Медицина профессоры (MD, PhD), кафедра меңгерушісінің орынбасары, биология (иммунология, аллергология) саласындағы философия докторы (PhD), Иване Джавахишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік университеті, Тбилиси қ., Грузия Республикасы. Академиялық сарапшылар:

Камалидин Шарипов, биология ғылымдарының докторы, профессор, М.А. Айтхожин атындағы молекулярлық биология және биохимия институтының бас директоры, ЮНЕСКО микроэлементтер институтының жұмыс тобының қауымдасқан мүшесі (International Centerfor Trace Elements Study created under the auspices of the UNESKO Франция, Лион).

Халықаралық ғылыми-практикалық журналдардың редакциялық алқа мүшесі;

Феруза Жабборова, Медицина ғылымдарының докторы, «Стоматология» мамандығының оқытушысы, Бұхара Мемлекеттік медицина институты;

Бахринисо Эшонкулова, «Педиатрия» мамандығы бойынша PhD, Ташкент педиатриялық медициналық институтының патологиялық физиология, анатомия кафедрасының аға оқытушысы; Ирина Бачева, «Медицина» мамандығы бойынша PhD, Қарағанды медициналық университетінің ішкі аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры;

Тауржан Алдабергенова, медицина ғылымдарының кандидаты, «Астана медицина университеті» ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасының доценті;

Махдия Жумабоева, Ферғана қаласындағы Central Asian Medical University-дің «Емдеу ісі» мамандығының 3 курс студенті;

Евгений Акчурин, «Стоматология» мамандығының 6 курс студенті, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББМ.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)