Сарапшылар Ұлттық ғылыми орталықтың қызметін АЕО жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының институционалдық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сыртқы бағалау, сондай-ақ алғашқы аккредиттеу шеңберінде пульмонология, радиология және фтизиатрия мамандықтары бойынша резидентура білім беру бағдарламаларын бағалауды жүргізді.
Халықаралық комиссия құрамында шетелдік сарапшы Рыжкин Сергей Александрович, Татарстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, А.С. Павлов және Ф.Г. Кротков академиктер атындағы Ресейдің үздіксіз кәсіби білім беру медициналық академиясының радиология, радиотерапия, радиациялық гигиена және радиациялық қауіпсіздік кафедрасының меңгерушісі, (Мәскеу, Ресей Федерациясы), Татарстан Республикасы Ғылым академиясының ОМБН ғылыми хатшысы, білім және ғылым саласындағы Федералдық қызметтің (Рособрнадзор) аккредиттелген сарапшысы болды.