2024 ЖЫЛДЫҢ 03-05 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА МЕБМ «ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МАГИСТРАТУРА МЕН РЕЗИДЕНТУРА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ АЯСЫНДА СЫРТҚЫ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағытындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау», магистратураның бейіндік бағытындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау», магистратураның ғылыми-педагогикалық бағытындағы «Медицина» мамандықтары және резидентураның «Пластикалық хирургия» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларына сыртқы бағалау жүргізілді.

Халықаралық сараптау комиссиясының құрамында Молдова Республикасы Николай Тестемицану атындағы Мемлекеттік Медицина және Фармация университетінің гистология, цитология және эмбриология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, медициналық ғылымдар саласындағы докторантура мектебінің директоры Лилиан Шаптефраць болды.

Авторизация (kz)