2023 жылғы 19-21 желтоқсанда симуляциялық орталықты институционалдық аккредиттеу және резидентураның 2 білім беру бағдарламасын аккредиттеу шеңберінде «Астана медицина университеті» КеАҚ-на сыртқы сараптамалық бағалау жүргізілді.
Сыртқы сараптама комиссиясына шетелдік сарапшы қатысты:
ЗАРИПОВА ЗУЛЬФИЯ АБДУЛЛОВНА, медицина ғылымдарының кандидаты, академик И.П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің Аттестаттау және аккредиттеу орталығының басшысы.
Комиссия құрамында: төраға КУРМАНОВА АЛМАГУЛЬ МЕДЕУБАЕВНА, медицина ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жоғары медицина мектебінің клиникалық мамандықтар кафедрасының профессоры, «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ.; ЕСЕНКУЛОВА САУЛЕ АСКЕРОВНА, медицина ғылымдарының докторы, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ дипломнан кейінгі білім беру орталығының профессоры, Қазақстан Республикасы онкологтар қауымдастығының мүшесі; ТАЛКИМБАЕВА НАЙЛЯ АНУАРОВНА, медицина ғылымдарының докторы, «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ симуляциялық орталығының жетекшісі; ШАБДАРБАЕВА ДАРИЯ МУРАТОВНА, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Жоғары санатты патологоанатом дәрігері, жоғары санатты сот сарапшысы дәрігер, «Семей медицина университеті» КеАҚ профессор Ю.В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының меңгерушісі; ШЫНТАС ҚАСЫМ МӘЛІКҰЛЫ, MBA, Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК Оқу-симуляциялық орталығының басшысы; МУКАШЕВА САЛТАНАТ БОЛАТОВНА, медицина ғылымдарының кандидаты, Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бөлімінің бастығы; МҰҚАЖАНОВ НҰРЛАН ӘДІЛБЕКҰЛЫ, «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС «Ересектер онкологиясы» мамандығы бойынша бірінші оқу жылының резиденті.