2023 жылғы 18-19 қазан аралығында институционалдық аккредиттеу шеңберінде қосымша және бейресми білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне «ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫ» ШЖҚ РМК-на сыртқы сараптамалық

2023 жылғы 18-19 қазан аралығында институционалдық аккредиттеу шеңберінде шетелдік сарапшысы ЗАРИПОВА ЗУЛЬФИЯ АБДУЛЛОВНА, медицина ғылымдарының кандидаты, академик И.П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің аттестаттау және аккредиттеу орталығының басшысының қатысуымен «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК сыртқы сараптамалық бағалау жүргізілді.

Комиссия құрамында болғандар: СЛАВКО ЕЛЕНА АЛЕКСЕЕВНА, медицина ғылымдарының кандидаты, «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ Ішкі аурулар кафедрасының профессоры;

СИСЕНОВА ЖАДЫРА АЛДЕБАЕВНА, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «М.Оспанова атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» КеАҚ жедел медициналық жәрдем кафедрасының меңгерушісінің м.а.;

ЖУКУБАЕВА АЛЬМИРА АСЕТКЫЗЫ, Педагогика және психология магистрі, жедел жәрдем, терапия бойынша жоғары дәрігерлік санаты, Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша бірінші дәрігерлік санаты бар, «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы» ЖШС білім департаментінің басшысы;

ШЫНТАС ҚАСЫМ МӘЛІКҰЛЫ, Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК Оқу-симуляциялық орталығы басшысының м.а..

Авторизация (kz)