2022 жылғы 21-22 желтоқсанда институционалдық аккредиттеу шеңберінде "Қазақстан Дезинфекционистер Одағы" өзін-өзі реттейтін ұйымға шетелдік сарапшы И.Қ. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының профессор Э.С. Матыев атындағы Фармация басқару және экономика, дәрілік заттар технологиясы кафедрасының доцентінің м.а., химия ғылымдарының кандидаты Урманбетова Жұмақан Самайбековнаның қатысуымен сыртқы сараптамалық бағалау жүргізілді.
Комиссия құрамында: Уразова Салтанат Нұрғожайқызы, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер-педиатр "Астана медицина университеті" КЕАҚ № 3 отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі; Ержанова Фарида Нұрмұхамбетқызы, "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" ШЖҚ РМК Ғылым және кәсіптік білім бөлімінің меңгерушісі, "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша РОӘКЖБ ОӘБ жанындағы қосымша білім беру бойынша ЖББ төрағасының орынбасары; Жукубаева Альмира Әсетқызы, Педагогика және психология магистрі, жедел жәрдем, терапия бойынша жоғары дәрігерлік санат, Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша бірінші дәрігерлік санат, "Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" ЖШС білім департаментінің басшысы.