2022 жылғы 13-14 желтоқсанда институционалдық аккредиттеу шеңберінде шетелдік сарапшы, Өзбекстан Республикасы Медицина қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін дамыту орталығының «Жоғары білімі бар медбикелер» кафедрасының ассистенті Г.Ш. ТОЖИБОЕВАНЫҢ қатысуымен Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК қосымша және бейресми білім беру (Үздіксіз кәсіби даму) бойынша сыртқы сараптамалық бағалау жүргізілді.
Комиссия құрамында: АЛИБАЕВА АЙГҮЛ СЕРІКПАЙҚЫЗЫ, «Интердент» жоғары медициналық колледжі директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары; КУМАРОВА АЛТЫНАЙ БАЛТАБАЙҚЫЗЫ, «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары; БАЙМУХАНОВА ФАРИДА СУФХИҚЫЗЫ, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ КМК мейірбике қызметінің басшысы; МҰХАНБЕТЖАНОВА РАУШАН, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК күндізгі стационарының медбикесі.