2022 жылғы 28-30 қарашада институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде шетелдік сарапшы, м.ғ.д., бөлім меңгерушісі, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, бас дәрігер, ҚР ДСМ жүрек хирургиясы және ағзаларды трансплантациялау ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, Бішкек қ. Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қырғыз мемлекеттік медицина кадрларды арттыру және қайта даярлау институтында профессордың м.а. К.С. Урманбетовтың қатысуымен «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ резидентура бағдарламаларына сыртқы сараптамалық бағалау жүргізілді.
Комиссия құрамында: КАБИЛДИНА НАЙЛЯ АМИРБЕКОВНА, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, «Онкология және сәулелік диагностика» кафедрасының меңгерушісі, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ ЖББ КМК жоғары санатты онкохирург дәрігері; ШАКИРОВА АИДА ФАЗЫЛҚЫЗЫ, жоғары білікті санатты онколог-гинеколог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС көпсалалы хирургия орталығының аға ординаторы; ОРАЗАЕВ ОЛЖАС НҰРЛАНҰЛЫ, PhD, қауымдастырылған профессор, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ «Онкология» кафедрасының доценті; ӘБІЛҒАЗИЕВА АЙДАНА БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің «Ересектер онкологиясы» мамандығы бойынша екінші курс резиденті.